Қазақстан халқы Ассамблеясы

03 Наурыз, 2022

404

Алматыда ҚХА Аналар кеңесі отырыс өткізді

Алғыс айту күні мерекесі қарсаңында Алматы қаласының қалалық Достық үйінде Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің отырысы өтті.

1 наурыз – Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні және Алғыс айту күні аталып өтетіні белгілі. Бұл күнді мерекелеудің мақсаты тарихи жадтың жалпы тарихы негізінде қоғамның, азаматтық бейбітшіліктің, қоғамдық келісімнің топтасуын көрсету, қазақстандық бірегейлік пен бірлікті нығайту болып табылады.

Іс-шараға Аналар кеңесінің, этномәдени бірлестіктердің мүшелері, құрметті қонақтар қатысты.

- Жыл сайын бұл мереке біздің еліміздің азаматтары үшін маңызды. Мемлекет Басшысы Қасым - Жомарт Тоқаев мерекенің ерекше мәні мен терең нышанын атап өтіп, «оның құндылықтары өзара көмек пен халқымыздың мызғымас бірлігінің берік дәстүрлерін бейнелейді» деп бекер айтпаған, - деді Алматы қаласы ҚХА Аналар кеңесінің төрайымы Исраилова Махинур Вилямовна.

Сондай - ақ, Қырым татарларының ұлттық орталығының өкілі Мерия Бекирова мен корей ұлттық орталығының Нелли Хван өз тарихымен бөлісті. Кездесу барысында Аналар кеңесінің белсенді мүшелеріне алғысхаттар табыс етілді.

Кейін қарай