Қазақстан халқы Ассамблеясы

01 Қараша, 2021

271

Алматыда Қоғамдық келісім кеңесінің кеңейтілген отырысы өткізілді

Алматы қаласының Достық үйінде «Қазақстан халқы Ассамблеясы азаматтармен байланыс орнатудың тиімді құралы ретінде» тақырыбында Қоғамдық келісім кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті.

Аталған іс-шараға Алматы қаласының мемлекеттік органдарының өкілдері, Алматы қаласы СҒА ұлтаралық қатынастарды дамыту бөлімінің басшысы Балғымбаев, Алматы қаласы ҚХА төрағасының Қоғамдық орынбасары Н.И. Ниязова, №153 жалпы білім беретін мектеп – гимназиясының директоры қатысты.

Іс - шараның модераторы Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы, ҚХА мүшесі А.Шардинов болды.

Отырыс барысында 2021 жылғы 21 қазанда ҚХА кеңейтілген кеңесінде ҚР Президенті Қ.К. Тоқаев айтқан міндеттер талқыланды. Сондай – ақ, №153 мектеп - гимназиясының мысалында Қазақстандағы көптілді білім беру, әлеуметтік шиеленіс ошақтарының пайда болуына ықпал ететін жағдайларға жол бермеу, этносаралық жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, тәрбиелеудегі негізгі міндет ретінде тәртіп пен ішкі тұрақтылықты сақтау, қазіргі жағдайда жастарды тәрбиелеудегі аналар кеңесінің рөлі тақырыбы бойынша өзекті мәселелер қаралды.

Кейін қарай