Қазақстан халқы Ассамблеясы

19 Қараша, 2021

405

Алматыда сарапшылар ғылым мен бизнестің серіктестігін талқылады

Алматыда «Science&Business» III Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті.

Іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясының, орталық мемлекеттік органдар мен ұйымдардың, жоғары оқу орындарының өкілдері және Ұлыбритания мен Түркия ғалымдары қатысты.

Конференцияда жаратылыстану және гуманитарлық ғылымдар саласындағы ғылыми зерттеулердің негізгі бағыттары, бизнес пен ғылымның серіктестігі, отандық ғылымның әлеуетін нығайту, сондай-ақ экономиканы дамытудың заманауи трендтері қаралды.

Конференцияға қатысушылардың айтуынша, ғалымдардың, практиктер мен өндірісшілердің күш-жігерін біріктіру бизнес мүдделерін ескере отырып, зерттеулерді өзектендіруге және ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерін коммерцияландыруға мүмкіндік береді.

Конференция Ғылыми зерттеулердің нәтижелерін жинақтау және талқылау және Қазақстан экономикасының барлық секторларының дамуына жаңа серпін беретін бизнес пен ғылым әріптестігінің пәрменді тетіктерін әзірлеу мақсатында өткізілгенін атап өткен жөн.

Іс-шара қорытындысы бойынша қазақстандық зерттеушілердің ғылыми әзірлемелерін коммерцияландырудың өзекті тәсілдері ұсынылды.

Кейін қарай