Қазақстан халқы Ассамблеясы

15 Мамыр, 2023

382

Алматыда «Әйел - отбасының жылуы» атты кездесуі өтті

Алматыда Халықаралық отбасы күніне орай, «Әйел отбасының жылуы» атты іс-шара өтті.

Іс-шараның мақсаты — отбасы мәдениеті туралы түсінік беру, бауырмалдық, қайырымдылық қатынастарын нығайту, бақытты жанұяның моделін дайындау, отбасы құндылықтарын арттыру болып табылады.

Кездесуге «Алматы» телерадиокомпаниясының бас продюсері Ралида Мұқанова, белгілі тележурналист, Қазақстан журналистер одағы сыйлығының лауреаты Толқын Сайдуова, «PROFEXPERT» ЖШС директоры Руслан Қалиоллаұлы және этномәдени бірлестіктердің мүшелері мен белсенділері, БАҚ өкілдері қатысты.


Кездесу басында Алматы қаласы республикалық Достық үйі басшысы Нұрсауле Альтекова қатысушыларды отбасы мерекесімен құттықтап, берік те тату отбасылар жастарға үлгі болатынын айта келе, отбасы қашанда ұрпақтар арасындағы байланыстырушы буын, рухани және мәдени дәстүрлердің сақтаушысы болып табылатынын атап өтті.

– Әрбір адам өзі бақытты болуы үшін, ең бастысы, өзгелерді, оның ішінде бірінші кезекте балаларды бақытты етуі керек екенін білуі қажет. Бала отбасының жылуын, қолдауын сезінгенде ғана бақытты есейеді. Яғни, бүгін - жарық дүниедегі ең жақын жандарыңыздың төл мерекесі, – деп атап өтті белгілі тележурналист Толқын Сайдуова.

Отбасы тақырыбы жиналған жұртты өте қызықтырды. Кеш соңында көкейтесті мәселелер қамтылып, кездесу өзара пікіралмасу форматына ұласты.

Кейін қарай