Қазақстан халқы Ассамблеясы

30 Наурыз, 2021

448

Алматыда жаңа энциклопедияның тұсауы кесілді

Алматыда ZOOM платформасында ҚР БҒМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институтымен бірлесіп, тарих ғылымдарының кандидаты, Шаймерденова Меңдіғаным Жамалбекқызының «Өнердегі және мәдениеттегі Қазақстан этностарының өкілдері: есімнамалар энциклопедиясы» атты кітабының тұсаукесерін өткізді.

ҚХА ҒСТ отырысына Алматы қаласының этномәдени бірлестіктерінің өкілдері, «Ғылым ордасы» гуманитарлық институттарының ғылыми қызметкерлері, Алматы қаласындағы ҚХА ҒСТ мүшелері, журналистер қатысты.

Кітап оқырмандарды Тәуелсіз Қазақстанның өнері мен мәдениетінің қалыптасуы мен дамуына үлес қосқан еліміздегі түрлі этностардың өкілдерімен таныстырады. Басылым Қазақстанның көрнекті қайраткерлеріне арналған энциклопедиялар мен еңбектер сериясының, сондай-ақ "Рухани жаңғыру" бағдарламасының ұғымдық аппаратының жалғасы болып табылады.

Кейін қарай