Қазақстан халқы Ассамблеясы

17 Наурыз, 2021

621

Алматылық ҚХА 50 отбасыға көмек көрсетті

Алматы қаласы Қазақстан халқы ассамблеясының «Барбанг» күрдтер қауымдастығы жалпықалалық «30 игі іс» қайырымдылық марафоны аясында 50 отбасыға қайырымдылық көмек көрсетті.

Бұл игі шара «Барбанг» күрдтер қауымдастығының мүшесі, меценат Аладин Мұстафаев жетекшілігімен ұйымдастырылды.

«30 игі іс» марафоны аясында Алматы қаласының бірнеше аудандары арасында аз қамтылған отбасылар гуманитарлық және қаржылай көмек алды. Азық-түлік пакеттерінен бөлек ұйымдастырушылар физикалық ауытқуы бар баланы емдеуге қаржылай демеушілік жасады.

Ұйымдастырушылар игі шара жалғасын табады деп отыр.

Кейін қарай