Қазақстан халқы Ассамблеясы

13 Қаңтар, 2017

988

Аналар кеңесі қол ұшын созды

2016 жылдың сәуірінде Көкшетау қаласының кішкентай тұрғынына, бес жасар Жанель Бейсеноваға халық арасында ақ қан (лейкемия) атауымен белгілі «Миелодиспластикалық синдром. Рефрактерлік қан аздық» диагнозы қойылды.

Сол  уақыттан бастап кішкентай қыздың өмірі үшін ата-анасының минут сайынғы күресі басталды.

Кәсіби медицина мамандары «емдеуге жарамсыз, шұғыл түрде сүйек кемігін ауыстырып қондыру қажет», - деп ескертті.

«Medical Park» атты түрік емханасындағы ұзақ күткен квота қыздың әке-шешесін қатты қуанта қойған жоқ, себебі жол жүруге, шетелде ота жасағаннан соң әрі қарай емделуге қосымша қаражат қажет болды.

Науқас қыздың жанұясына көмек көрсеткендердің қатарында Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының жанындағы Аналар кеңесі де бар. Кеңес төрайымы Қиықова Зере Еспайқызының адамгершілік қасиеті туралы барлық ақмолалықтар біледі.

Зере Еспайқызы мәселені кейінге қалдырмай, шұғыл түрде кішкентай Жанельдің емделуіне жылдам көмек көрсетуге асықты.

Ақмола облысының әкімі Сергей Витальевич Кулагиннің қолдауымен Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының жанындағы Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен өткізілген қайырымдылық аукционы Жанель үшін бес жүз мың теңгеден артық қаражат жинады. Облыстық, қалалық, аудандық мемлекеттік құрылымдар мен жеке ұйымдардың, кәсіпорындар, этномәдени орталықтардың басшылары мен жұмысшылары, бүлдіршіннің қайғысына ортақтасқан адамдар «Шын жүректен» науқанына белсенді қатысып, Жанельге ғана емес, сонымен қатар шұғыл емдеуді қажет ететін алты жасар Ералы Жұмабек пен екі жасар Әлиасқар Әміржановқа ақшалай қаражат жинауға үлкен көмек көрсетті. Қайырымдылық аукционында жиналған қаржы бір миллион екі жүз мың теңгеден асты.

Түрік емханасында 2016 жылдың 22-ші желтоқсанында кішкентай Жанельдің сүйек кемігін ауыстырып қондыру бойынша күрделі ота жасалды. Қыздың сүйек кемігін ауыстырып қондыруға донорлық етуге талпынған Израиль мен Польша азаматтарының үш ай күткен соңғы талдау нәтижелері жағымды нәтиже көрсетпегендіктен, әкесі Жомарт Бейсенов Жанельдің доноры болды.

Қазіргі уақытта Түркияда ем қабылдап жатқан кішкентай Жанель мен оның әкесі міндетті түрде ауруды жеңіп, өз Отандарына, адамның қайғысына ортақтаса білген туған жерлестеріне оралатынына шынайы жұбанышымызды білдіргіміз келеді!

Олардың аман-есен оралуын тілейміз!

Кейін қарай