Қазақстан халқы Ассамблеясы

26 Ақпан, 2016

630

«Анастасия Цветаева- Көкшетауда» атты дөңгелек үстел

Көкшетау қаласының Достық үйінде «Анастасия Цветаева Көкшетауда» атты дөңгелек үстел өтті. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орайластырып өткізілген іс-шара халықтар арасындағы толеранттылық пен достық қарым-қатынасты айшықтай түсті деуге болады.

Дөңгелек үстел барысында орыс халқының ақыны Марина Цветаеваның кіші сіңлісі Анастасия Цветаеваның Көкшетаулықтардың жадында сақталатындай мұражайлық экспозициясын құру тақырыбы қозғалды. Анастасия Цветаева есімімен Қазақстанның екі қаласы тығыз байланысты. Ол  Павлодар және Көкшетау. Көкшетау қаласында ақын 1966 жылы бірнеше ай тұрып, «Жастық және кәрілік» повестін жазып шыққан. Кейін бұл повесть «Естеліктер» сериясымен «Менің Сібірім» жинағында жарық көрген.

Аталмыш іс-шара барысында қоғам қайраткерлері, филологтар, тарихшылар мен мұражай  қызметкерлері және журналистер пікір алмасып, өз ойларымен бөлісті. Іс-шараның құрметті қонағы Павлодар қаласынан келген А.И Цветаеваның Павлодардағы мұражайының негізін қалаушы, ақын, журналист, қоғам қайраткері, халықаралық Цветаева сыйлығының лауреаты Ольга Григорьева болды.

Сонымен қатар А.И. Цветаеваның шығармашылығы туралы публицист, тарихшы – Әлия Ахетова, психология ғылымдарының кандидаты - Маркс Субханкулов, ұстаз Любовь Науменко, сыншы-әдебиеттанушы, филология ғылымдарының кандидаты - Жанна Толысбаева өз пікірлерін айтып, ақынның өлеңдерін оқыды.

Дөңгелек үстелге қатысушыларға «Мне девяноста лет, еще легка походка» деректі фильмінен үзінді көрсетіліп, Біржан сал атындағы Көкшетау музыка колледжінің студенттері ақынның сөзіне жазылған әндерді орындады. 

   

 

 

«Қоғамдық келісім»

 КММ баспасөз орталығы

   

Кейін қарай