15 Мамыр, 2020
1386
Қарағанды: Ана атану - үлкен бақыт
Ұлт өмірінің іргетасы, негізін қалаушы отбасы болса, отбасының іргетасы – салиқалы ұл-қыз, яғни бала. Отбасы – сүйіспеншіліктің, құрмет пен ынтымақтастықтың ошағы, ошақ қасының аман-саулығы - әрбір өркениетті елдің дамуы һәм келешегінің өлшемі.
15 мамыр - Халықаралық отбасы күніне орай, ҚР Мәдениет қайраткері, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы Қарағанды облысы филилалының төрайымы, ҚХА Аналар кеңесінің өкілі, көпбалалы ана Меруеш Башай өзінің жанұя туралы пайымын былай деп тарқатады:
«Отбасы – ошақ қасы адам баласының дүниеге келіп, қанат қағар қасиетті жанұясы. Отбасындағы ата-ана біздің өнеге үлгіміз. Ол - бала шағамызды тәрбиелеудің негізгі көрінісі. Қазақтың «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» деген қанатты сөзі осыдан айтылса керек.
Мен жолдасым Ерлан Бақтыгерей екеуміз өнер адамдарымыз. Балаларымыз бізге қарап өнерге бет бұрды. Өнер жолында жүріп, алты баланы дүниеге әкеліп, ана атану мен үшін - үлкен бақыт. Жаныңда жарың, құшағың толған бала болса, одан асқан ешқандай байлық та, бақыт та жоқ.
Сонымен қатар олардың алдындағы аналық жауапкершілік аса маңызды. Ең бастысы олардың тәрбиесіне кері әсер ететін әдеттерден өзімді аулақ ұстаймын. Өзім де көп балалы жанұяда өстім. Ондай жанұядағы балаларда бауырмалдық, қамқоршылық болады. Қолындағы барын бөлісетін, үлкенге ізет, кішіге құрмет көрсететін адамзаттың болашағы өсіп келеді. Жанұямызда өзіндік ұстанатын салт-дәстүр қалыптасқан.
Қазір жұмыс барысымен бір дастархан басында отырмайтын жанұялар көп. Біздің отбасы мүшелері кешкі асты бір дастархан басында міндетті түрде бірге отырып ішеміз. Өз еліміздегі көрікті жерлерде жазғы демалыста бірге дем аламыз. Біздің отбасы береке бірлігі жарасқан бақыттың ұясы. Отбасы мерекесі құтты болсын».
Ал, қазақ отбасына келін болған неміс қызы Инга Әбдірахманова: «Тірліктің күші – бірлікте, бірліксіз істе береке жоқ». Қазақтың осы бір даналық сөзін жүректеріне мықтап түйген отбасының бақыты мен бағы үлкен болады. Менің осыған көзім жетті. Ең бастысы, сыйластықтан ажырамайық»,- дейді.
Аналар кеңесінің үлкен буын өкілі, ардақты ана Бану Мұқашева болса: «Уызына жарымаған ұлдан ұлағат күтпе», «Ұлыңды басқа үйден тойдырма, қызыңды бөтен үйге қондырма» деп басталатын көптеген тәлімді сөздер болашақ отбасын құрар, әке болар ұлды, ана болар қызды тәрбиелеген. Ізгілік қайнары отбасынан алған тәрбиенің жемісі мен нәтижесі жақсы әке, мейірімді ана атанғанда белгілі болған», - деп ұлағат айтады.
«Отан отбасынан басталады» деген қарапайым қағидат қай дәуірде болсын өзгерген емес. Ұлт болып ұйысудың, ел болып ертеңге нық қадам басудың негізі отбасындағы тәрбие және ұлттық құндылықты көздің қарашығындай сақтау.
Ұқсас жаңалықтар
-
Алматыда Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мейрамында қайырымдылық іс-шарасы өтті
-
Қарағандыда ҚХА Аналар кеңесінің төрағасы Назипа Ыдырысқызының қатысуымен бірқатар іс-шаралар өтті
-
БҚО-да «Шаңырақ күні» аталып өтуде
-
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Амал күнімен құттықтады
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың Халықаралық әйелдер күнімен құттықтауы
-
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Халықаралық әйелдер күнімен құттықтауы
27 Наурыз, 17:00
«Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында айтылған бастамаларды іс жүзінде іске асыру» тақырыбындағы дөңгелек үстел
22 Наурыз, 13:56
Маңғыстауда «Бірлік түбі береке» атты мерекелік шара өтті
26 Наурыз, 13:20
Алматыда Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мейрамында қайырымдылық іс-шарасы өтті
вчера, 22:29
Алматы қаласындағы республикалық Достық үйінің ұйымдастыруымен Ұлттық құрылтай отырысына қатысушылармен республикалық онлайн семинар өтті
Ұқсас жаңалықтар
-
Алматыда Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мейрамында қайырымдылық іс-шарасы өтті
-
Қарағандыда ҚХА Аналар кеңесінің төрағасы Назипа Ыдырысқызының қатысуымен бірқатар іс-шаралар өтті
-
БҚО-да «Шаңырақ күні» аталып өтуде
-
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Амал күнімен құттықтады
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың Халықаралық әйелдер күнімен құттықтауы
-
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Халықаралық әйелдер күнімен құттықтауы