28 Қаңтар, 2020
1902
Қарағанды мен Солтүстік Қазақстан облыстарының еріктілері жалпыхалықтық қар тазалау акциясына қатысты
Толассыз жауған қардың салдарынан коммуналдық қызметтер тәулік бойы жұмыс істеуге тура келгендіктен, Қарағанды облыстық ассамблеясының еріктілері, «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының өңірлік штаб өкілдері елімізде қар тазалау бойынша өткен жалпыхалықтық акцияға үн қосты.
«Сенбілікке зор ынтамен қатысудамыз. Мұндай игі шаралар бізді жақындата түседі. Биылғы жылдан бастап біз ҚХА-ның арнайы бағыттарға арналған жобаларын іске асыратын боламыз. Соның бірі - «Бірлік» әлеуметтік бағыты. «Дәл қазір және осы жерден табылу» біз үшін маңызды. Барлық жерлестерімізді немқұрайлы болмай, қажет игі іске бас қосуға шақырамын. Қаламыздың тазалығына ат салысайық! Біз – Біргеміз!»,- дейді волонтерлер қозғалысының төрағасы Дамир Меңдібеков.
Солтүстік Қазақстан облысының еріктілері мен жастар ұйымдары да #BizBirgemiz челленджінен шет қалмады.
Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының еріктілер қозғалысы орталығының, «Jas Otan» ЖҚ СҚОФ, «Жас Сарбаз» жастар бірлестігінің белсенділері #BizBirgemiz челленджін қолдап, жалғыз тұратын қарт зейнеткерлердің үйлерінің аумағын тазалауға атсалысты. Балалар аулада және сырт жақта қар жинауға көмектесті, одан кейін челленджді облыстың басқа жастар ұйымдарына тапсырды.
Естеріңізге сала кетейік, демалыс қарсаңында белгілі қазақстандық әртіс Тұрсынбек Қабатов барлық қазақстандықтарды шақырып, қарды тазалау бойынша #BizBirgemiz челленджін бастады. Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Еріктілер жылы акцияның өзектілігін атап өтіп, бастаманы зор ықыласпен қабылдады.
#BizBirgemiz челленджі бір күндік акция емес. Еріктілер әрі қарай да көмекке мұқтаж жандарға көмек көрсетуді жалғастыра бермек.
Еске салайық, өңірлік Достық үйлерінің негізінде Қазақстан халқы Ассамблеясы еріктілер қозғалысының орталықтары құрылған болатын. Алғашқысы республика бойынша Қарағанды қаласының Достық үйінде ашылды.
Ұқсас жаңалықтар
-
АСТАНАДАН ТӘЖІКТЕРДІҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭТНОМӘДЕНИ БИЗНЕСМЕНДЕРІ 25 МЛН.ТЕҢГЕГЕ ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК ЖІБЕРДІ
-
«Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруде Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылымдарының рөлін арттыру» тақырыбымен ZOOM-конференция өтті
-
Алматы қаласындағы республикалық Достық үйінің ұйымдастыруымен Ұлттық құрылтай отырысына қатысушылармен республикалық онлайн семинар өтті
-
«Ассамблея жастары» белсенділері «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлеріне ұлттық ойындарды үйретті
-
Наурыз мейрамы қарсаңындағы маңызды кездесулер
-
Ассамблея жастары ұлттық ойындардан сайысқа түсті
9 Сәуір, 00:27
Қазақстан халқы Ассамблеясы гуманитарлық көмек қабылдау және еріктілерінің жұмысын үйлестіру орталықтары
10 Сәуір, 16:59
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Ораза айт мерекесімен құттықтауы
10 Сәуір, 16:57
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ораза айт мерекесімен құттықтауы
13 Сәуір, 13:05
ОТБАСЫЛЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР -ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ НЕГІЗІ
вчера, 23:06
«БАРБАНГ» КҮРДТЕР ҚАУЫМДАСТЫҒЫ АТБАСАР ҚАЛАСЫНА ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК ЖІБЕРДІ