Қазақстан халқы Ассамблеясы

15 Шілде, 2021

292

Қарағанды облыстық ҚХА «Қазақстанның болашағы – мемлекеттік тілде» жобасын бастады

Қарағанды облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеріп, қолданылу аясын кеңейту мақсатында «Қазақстанның болашағы - мемлекеттік тілде» атты бейнероликтер жобасын бастады.

Әртүрлі салада жүрген, жетістікке жеткен, өзге этнос өкілдері бейнероликтерде мемлекеттік тілді білудің маңыздылығын, оның көркемдігін айтып, халқымыздың мәдениеті мен әдебиетін насихаттап, басқаларды да оны меңгеруге шақырады.

ҚХА мүшесі, профессор Вилен Молотов-Лучанский ұлы Абайды оқи отырып, қазақ тілінің бай әрі әдемі тіл екенін таныдым десе, ауыр атлетика чемпионы Любовь Ковальчук «Мемлекеттік тіл – елдігіміздің нышаны, ұлттарды ұйыстырып, бірлігімізді нығайтатын тұтастығымыздың тірегі. Спорт әлемінде жүріп, халқымыздың мерейін асқақтату зор мақтаныш. Ал, тілді білу үлкен жауапкершілік пен парызым», - деп өз ойымен бөлісті.


Кейін қарай