Қазақстан халқы Ассамблеясы

18 Ақпан, 2021

873

Қарағандыда «30 игі іс» акциясы басталды

Қарағандыда «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысы аймақтық штабының бастамасымен «30 игі іс» акциясы басталды.

Акция аясында жастар балалар үйінің аумағын қардан тазартып, халық көп жиналатын жерлерде медициналық маскалар таратты.

- Бүгінгі шара арқылы қарапайым ережелерді сақтап, коронавирустық инфекцияның таралу қаупін азайтуға болатындығын түсіндіргіміз келді. Өзімізді және жақындарымызды қорғап жүрейік, - дейді жастар қозғалысының белсендісі Умар Омаров.

«30 игі іс» акциясы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналып отыр. Белсенділер мұндай қайырымдылық шараларын тоқтатпайтындарын айтады.

Кейін қарай