Қазақстан халқы Ассамблеясы

15 Ақпан, 2021

1587

Қарағандыда Қ.Аманжоловтың мерейтойына арналған шығармашылық байқау өтіп жатыр

Қарағанды облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы дауылпаз ақын Қасым Аманжоловтың 110 жылдығына арналған «Уа, дариға, алтын бесік туған жер!» атты эссе және мәнерлеп өлең оқу онлайн байқауын өткізіп жатыр.

Байқауға 18 бен 40 жас аралығындағы өңір тұрғындары, түрлі этнос өкілдері қатыса алады. Шараның мақсаты - Қасым Аманжоловтың шығармашылығын дәріптеу, ақын шығармалары негізінде өскелең жас ұрпақты адамгершілік рухында тәрбиелеу, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру және мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру.

Ақын өмірден ерте кеткенмен, ол болашақ ұрпаққа мол мұра қалдырды. Бейбіт өмірді, сұрапыл соғысты, туған жер, Отан мен ата-ананы, достық пен махаббатты, табиғатты шынайы сезіммен, зор тебіреніспен жырлады. Оның шығармалары орыс және басқа да халықтардың тілдеріне аударылған.

Шығармашылық сайысқа туған жер, өскен өлке, тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктер тақырыбындағы материалдар қабылданады. Эссе 3-5 бет болуы тиіс. Қасым Аманжоловтың шығармаларын оқу видео нұсқада жолдану керек, ұзақтығы – 1,5-2 минут. Жұмыстарыңызды 2021 жылдың 8 – 25 ақпан аралығында келесі эл.поштаға жолдауға болады: info@kelisim.kz; indira.tokmurzina.80@mail.ru.

Кейін қарай