Қазақстан халқы Ассамблеясы

16 Қараша, 2020

553

Қарағандыда «Ананың аялы алақаны» жәрмеңкесі ұйымдастырылды

Қарағанды қаласындағы Global City сауда қалашығында облыстық ҚХА Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен "Ананың аялы алақаны" жәрмеңкесі өтті.


Жәрмеңкеде 15-ке жуық көп балалы, жас аналар өздерінің қолөнер бұйымдарын, кондитерлік өнімдерін, түрлі тағамдарын ұсынды. Сол сияқты көп балалы ана, Аналар кеңесінің мүшесі, «Ұлы даланың ұлттық тағамдары» фестивалінің жеңімпазы Бақытты Қанапиновнаның қолымен дайындалған қазы, шұшықтары сатылымда болды.

- Бүгін аналарымыз қала тұрғындарын өз өолдарынан шыққан бұйым, тағамдарымен қуанту үшін жиналды. Бұл жерден адамға қажеттінің бәрі бар, жейде, белдемшелер, медициналық бетперделерге дейін сатылып жатыр. Меценат, қайырымгерлер клубының өкілі Шамиль Осинге тегін берілген сауда орындары үшін рахмет айтамын, - дейді Бақытты.

Көпбалалы ана Жанар тұздалған тағамның 50 банкісін әкелсе, жас ана Дильназ ұлы екеуі 5 түрлі тәтті тоқаштың үш жүзге жуығын сатып үлгерген.


Кеңес төрайымы, зейнеттегі подполковник Жанар Кенжеғалиеваның айтуынша, Аналар кеңесінің маңызды бағыттарының бірі-аналарға қодау көрсету, мотивация беру. Ол үшін семинар-тренингтер мен шеберлік сабақтар өткізіліп тұрады.

Еске сала кетейік, мұндай жәрмеңке өткен жылы "Шығыс"базарында өткен болатын.


Кейін қарай