Қазақстан халқы Ассамблеясы

11 Ақпан, 2021

491

Қарағандыда қазақ ұлттық киімдеріне арналған дөңгелек үстел өтті

Қарағандыда Экономикалық университеттің «Әлеуметтік жұмыс пен ҚХА кафедрасы» және облыстық Ассамблеямен бірлескен «Қазақтың ұлттық киімі - қазақ материалдық мәдениетінің көрінісі» атты дөңгелек үстелі өткізілді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жолдаулары және «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткен тағылымды шараға облыстық ҚХА Ғылыми-сараптамалық тобының мүшелері, ЖОО оқытушылары мен студенттері белсене қатысты.

Онлайн алаңда бас қосқандар «Қазақ ұлттық киімінің түрлері мен ерекшеліктері», «Көшпенділердің әскери киімдері мен жабдықтары», «Қазіргі заманғы киім үлгілеріндегі дәстүрлі элементтер» сынды тақырыптарды ортаға салып, талқылады.

Әр киімнің мән-мағынасын, шығу тарихын жіктеп түсіндіріп, қызықты презентациялар ұсынған жас этностар қазақ ұлт мәдениетінде бағалы киімдер сый-сыяпат, дипломатиялық қатынастарда белгі ретінде жүргенін де атап өтті.

«Қазақтың ұлттық киімдері мәдени мұра ретінде өнер туындысы болып табылады. Өсіп-өнген жеріміздің тарихын, мәдениетін, ұлттық құндылықтарын танып-білуге тиіспіз», - дейді студенттер.

Кейін қарай