25 Мамыр, 2021
388
Қарағандыда «Қазыналы кітапхана» конференциясы өтті
Онлайн алаңда Қарағанды облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы «Қазыналы кітапхана» конференциясын ұйымдастырды.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Қазақтану» жобасы аясында өткен шараға облыстық және қалалық кітапхана мамандары қатысты.
Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев «Рухани жаңғыру» бағдарламасында «Жаңа жағдайда жаңғыруға деген ішкі ұмтылыс – біздің дамуымыздың ең басты қағидасы» деген еді. Ал, елдің, қоғамның дамуы ең алдымен, сананың ашықтығы мен білім-ғылымда, әдебиетті, тарихты тануда екенін ескерсек, кітап пен кітапхананың орны қай кезде де маңызды.
Шара модераторы облыстық «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің басшысы Айтбай Жұмағұл өзінің алғысөзін ұлы Абайдың «Артық білім кітапта, ерінбе оқып көруге» деген қанатты сөзімен бастады. Сондай ақ, кітап оқу - әрбір адамның пайымы мен парасатын айқындайтын алғы шарттардың бірі деді және қатысушыларға алғыс айтып, сәттілік тіледі.
Бұдан соң, қоғамдағы кітапхананың рөлін арттыру жолдарын қарастыру, кітапханашылар арасында тәжірибе алмасу және кітапхананың оқырманға беретін заманауи мүмкіндіктерін талқылауды мақсат еткен басқосуда Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының бөлім меңгерушісі Айгүл Қарашова, Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасының бөлім меңгерушісі Бақыт Мұрзатаева және М.Әуезов атындағы орталық қалалық кітапханасының бөлім меңгерушісі Гүлнұр Қанатбекова заманауи кітапхана, цифрлы кітапхана жайлы дәрістерімен бөлісті.
Ұқсас жаңалықтар
-
«Жүректен жүрекке» акциясы аясында ҚХА Республикалық және өңірлік штабтарының онлайн отырысы өтті
-
«Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруде Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылымдарының рөлін арттыру» тақырыбымен ZOOM-конференция өтті
-
Астанада «Родны Кут» қауымдастығының міндеттері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті
-
ҚХА кафедрасының Минскіге ресми сапары
-
Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
-
Алматы қаласындағы республикалық Достық үйінің ұйымдастыруымен Ұлттық құрылтай отырысына қатысушылармен республикалық онлайн семинар өтті