Қазақстан халқы Ассамблеясы

02 Желтоқсан, 2020

1240

Қарағандыда «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» атты онлайн-дөңгелек үстел өтті

Қарағанды жоғары политехникалық колледжінің қабырғасында облыстық Ассамблеяның ұйымдастыруымен "Елін сүйген, елі сүйген Елбасы" атты онлайн-дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға ардагерлер, ҚХА құрылымдарының және этномәдени бірлестіктердің өкілдері, "Aıbyn-Arqa" әскери-патриоттық тәрбие клубының мүшелері, студенттер, колледж оқытушылары және Қарағанды қаласының мектеп оқушылары қатысты. Сондай-ақ, Алматы және Павлодар колледждерінің алғашқы әскери дайындық онлайн оқытушылары қосылды.


Онлайн басқосуда Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың өмірі туралы презентациялар ұсынылып, халқымыздың тәуелсіздік жылдарындағы жоғары жетістіктері талқыланды.

«Aıbyn-Arqa» клубының төрағасы, Қарағанды жоғары политехникалық колледжінің АӘД оқытушысы Иршат Мұтағаров өз сөзінде Тұңғыш Президентіміздің іргелі даналығы еліміз тәуелсіздігін алуға ұмтылған ең қиын кезеңде басқа елдермен қарым-қатынас орнатып, сол арқылы шынайы тату көршілік және өзара тиімді қарым-қатынастардың іргетасын қалағанын атап өтті.

Сарбаздар аналарының кеңесі төрайымы, Қарағанды облысы ҚХА Аналар кеңесінің мүшесі Мария Фатеева өз кезегінде жастарды қаланың, облыстың, еліміздің қоғамдық өміріне белсенді қатысуға шақырды. "Атақ, дәреде күтпей ақ, адал қызмет етіңдер. Тек сонда ғана біз Қазақстанды жаңа белестерге бастайтын боламыз", - деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, қазақстандық патриотизмді нығайту, жастар арасында әскери-патриоттық жұмысты жетілдіру мақсатында 2019 жылы Қарағанды қаласының Достық үйі базасында "Aıbyn-Arqa" әскери-патриоттық клубы ашылған болатын. Клуб "Жас сарбазбен", Қарағанды қаласының білім бөлімімен және этномәдени бірлестіктерімен тығыз байланыста. Негізгі қызметі - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында айтылған бастамаларға сәйкес жүзеге асырылады. ҚР Президенті жауапты, патриот және бастамашыл жастарды біріктіретін қоғамдық ұйымдардың ерекше маңыздылығы туралы бірнеше рет айтқан болатын.

Кейін қарай