27 Маусым, 2018
921
Қарағандыда «Литвалықтардың мәдени мұрасы» мерекесі өтті
2018 жылдың 26 маусымында Литва этномәдени бірлестігінің ұйымдастыруымен «Литвалықтардың мәдени мұрасы. Қазақстандағы литвалықтар» атты мерекелік іс-шара өтті.
Айтулы шараның мақсаты – қоғамдағы келісім мен жалпыұлттық құндылықтарды өркендетуде, аймақта тұрып жатқан этнос өкілдерінің мәдениеті мен дәстүрлерін дамытуға қолғабыс ету бағытында облыс көлемінде атқарылып жатқан игі істердің бір парасын насихаттай отырып, халықтар достығын нығайтуға, ел бірлігін сақтауға аталған этномәдени бірлестік мүшелерінің қосып отырған үлесін жария ету.
Мерекелік шараға Қазақстан Республикасы ҚХА төрағасының орынбасары, «Lituanica» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Тварионас Виталий Ионо, Литва Республикасының Қазақстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Витаутас Науджужас және Литва Республикасының Қазақстандағы елшілігінің кеңесшісі Регимантас Гецявичус, Қарағанды облысы ҚХА, облыс әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ директоры Е.Құсайын қатысты.
Салтанатты басқосуда ортақ іске өзіндік үлес қосып жүрген этномәдени бірлестіктер мен белсенді мүшелеріне алғыс хаттар табысталып, шара соңы мерекелік бағдарламаға ұласты. Шараға қатысушылар литва ұлттық асханасынан дәм татты.
Сондай-ақ, Литвалықтардың мәдени мұрасы шеңберінде өткізілген келелі басқосудың құрметті қонақтары мен этномәдени бірлестіктің өкілдері Қарағанды облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы облыс әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ Достық үйіндегі «Шабыт» көркемсурет галереясындағы қолданбалы өнер туындыларын тамашалап, мұражайды аралап, ондағы жәдігерлермен танысты.
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА республикалық этномәдени бірлестіктерімен өзара іс-қимылына жауапты ретінде С. Пономарёв тағайындалды
-
Ақмолада ҚХА XXVIII сессиясы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясының Франция Ұлттық жиналысының депутаты Бруно Фукспен кездесуі өтті
-
Алматыда Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Қазақстан балалары» ұлттық акциясы өтті
-
Париж қ. ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде ҚХА қоғамдық келісім мен этносаралық бірлікті нығайту бағытындағы қызметінің тұңғыш рет таныстырылымы өтті
-
КОСШЫ ҚАЛАСЫНДА «ОТБАСЫ – МЕЙІРІМ МЕКЕНІ» АТТЫ ОБЛЫСТЫҚ ФОРУМ ӨТТІ
16 Маусым, 23:30
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Абай облысы
18 Маусым, 00:17
Алматы қаласындағы Республикалық Достық үйінде «Ана – ұлттың ұйыстырушысы» тәжірибеге бағытталған курсы басталды
17 Маусым, 22:41
ҚХА жастар қанатының өкілдері Жастар құқықтары жөніндегі комиссия құрамына кірді
17 Маусым, 22:45
ҚХА республикалық этномәдени бірлестіктерімен өзара іс-қимылына жауапты ретінде С. Пономарёв тағайындалды
16 Маусым, 00:02
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Қызылорда облысы