Қазақстан халқы Ассамблеясы

15 Наурыз, 2021

743

Қарағандыда ҚР Қарулы күштерінің ардагерлерімен онлайн-кездесу ұйымдастырылды

Қарағанды облысы Қазақстан халқы ассамблеясы жанынан құрылған «Aıbyn-Аrqa» әскери-патриоттық тәрбие беру клубы еліміздің Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Елін қорғау – ерге серт» атты онлайн-кездесу өткізді.

ҚХА құрылымдары мен этномәдени бірлестіктер өкілдері, мектеп оқушылары және клуб мүшелері қатысқан кездесуде ҚР Қарулы күштерінің ардагерлері, контр-адмирал Кенжеберген Әбікеев пен генерал-майор Евгений Кузяков сөз сөйлеп, жас ұрпақты елін, жерін сүюге шақырды. Кенді шаһарда құрылған патриоттық клубтың мақсаты – жастарды отансүйгіштікке баулу, жас ұрпаққа Отанның әскери тарихын тануға қолдау көрсету.

Кездесуді Қарағанды облысы ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» мекемесінің басшысы Бахтиар Бекмұрзаев құттықтау сөзбен ашып:

- Отанға қорған, халыққа қалқан болатын жас жауынгерлер үшін бүгінгі шараның маңызы зор. Жастарды патриоттыққа тәрбиелеуге бағытталған жұмыстарға ҚР Қарулы күштерінің ардагерлерін де тарттық. Әскери патриоттық тәрбие – өскелең ұрпаққа ауадай қажет. Сондықтан мұндай шараларды қолдауға дайынбыз, - деді.


Кейін қарай