Қазақстан халқы Ассамблеясы

22 Желтоқсан, 2021

279

Қарағандыда өткен кездесуде Мәжіліс депутаттары этносаралық қатынастардың өзекті мәселелерін қозғады

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Сауытбек Әбдрахманов пен Юрий Жулин Қарағанды облысындағы этносаралық қатынастардың өзекті мәселелері бойынша халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында кездесулер өткізді.

Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінде белсенді жастар, студенттер, ҚХА кафедра қызметкерлері, ғылыми-сараптама топ өкілдері, оқу орынының тәрбие ісі саласындағы ұстаздар қауымы қатысқан кездесуде этносаралық және конфессияаралық қатынастарды одан әрі нығайту мәселелері талқыланды. Ел бірлігі мен қоғамдық келісімді нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін бірқатар азаматтарға Қазақстан халқы Ассамблеясының Алғыс хаттарын табыстады.

Алқалы жиында Сауытбек Әбдрахманов: «Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап қоғамдық, оның ішінде этносаралық қатынастарды нығайту Қазақстанның бүкіл ішкі саясатының өзегі болып табылады. Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-бабында біздің мемлекет қызметінің негізгі қағидаттарының қатарында қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылық аталғаны да кездейсоқ емес. Тарих толқыны ең басты әрі маңызды құндылық халықтың бірлігі екенін көрсетіп келеді. "Бірлік бар жерде тірлік бар" деген қазақ мақалы да тегін айтылмаса керек. Себебі, бірлік мемлекеттік дамудың қозғаушы күші болып табылады. Бүгінгі таңда біздің ортақ жұмысымыз Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың стратегиялық бастамаларын, сондай-ақ ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың алға қойған міндеттерін іске асыруға бағытталған. Қазіргі уақытта депутаттық корпус Үкіметпен бірлесіп ұлттық экономика мен кәсіпкерлікті дамыту, азаматтарды әлеуметтік қолдау, сондай-ақ тәуелсіздік пен демократияны одан әрі нығайту бойынша белсенді жұмыс жүргізіп жатыр. Атқарылатын бұл жұмысқа бәріміз де белсене атсалысуымыз керек. Тәуелсіз еліміздің басты құндылығы саналған татулық пен достықтың туын ешқашан да құлатпауымыз керек. Біздің көздеген мақсатымыз да осы. Осы мақсатта жеткен жетістігіміз мол, атқарылатын жұмыстар да бар. Осы кездесуге келген әр адам өзінің алдындағы міндеті мен мақсатын ұмытпаса біз алар асу, бағындырар белес болмайтыны анық»-, деді. Бұдан соң осындай кездесу Теміртау қаласындағы Тұңғыш Президенттің Тарихи-Мәдени орталығында жұмысшы жастармен, үкіметтік емес ұйымдар өкілдерімен, қоғамдық пікір көшбасшыларымен және жергілікті БАҚ өкілдерімен өтті. Юрий Жулин өз жұмысын Қарағанды Достық үйінде Ардагерлер кеңесімен, азаматтық сала мамандарымен, БАҚ өкілдері және белсенді блогерлермен кездесуден бастап, Абай, Саран қалаларында жалғастырды. Жиында қазақстандық қоғамды топтастырудың маңызды факторы ретінде мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту мәселелері және мемлекеттік қызметшілердің еңбекақысын көтеру көтерілді. Өз кезегінде депутат Юрий Жулин мем­лекеттік тіл этносаралық қарым-қатынас тіліне айналуы үшін оны өз ортамызда үйретіп, еліміздегі мемлекеттік тілдің бі­ріктіруші рөлін бүкіл этнос өкілінің түсініп, қолдауы – үлкен мән-маңызға ие екендігін атап өтті.


Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласы негізінде тәуелсіздік кезеңіндегі бейбітшілік пен келісім саясатын жүзеге асырудағы, сондай ақ, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Тәуелсіздік тағылымы» ой-толғамы жайлы ойларын ортаға салды.

Жиналған этномәдени бірлестіктердің өкілдері: «Еліміз өлшеусіз табиғат байлығымен ғана емес, ең алдымен сан түрлі ұлттардан құралған халқымен ерекше екенін ұмытпағанымыз абзал. Бүгінгі бейбіт те шуақты күндерді бағалай отырып, жаңа биіктерге ұмтылу – біздің буынның бағыты болуы тиіс», - деді.

Кейін қарай