Қазақстан халқы Ассамблеясы

04 Қыркүйек, 2015

1151

Ардагерлерге қамқорлық

Қазақстан халқы Ассамблеясының Маңғыстау облыстық хатшылығы мен «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлері республикалық «Асар» әлеуметтік ынтымақтастық акциясы аясында соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне көмектесті.

Қазақстан халқы Ассамблеясының Маңғыстау облыстық хатшылығы мен «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлері республикалық «Асар» әлеуметтік ынтымақтастық акциясы аясында соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне көмектесті. Маңғыстаудың белсенді жастары Ақтау, Жаңаөзен қаласы мен Шетпе, Мұнайлы, Түпқараған аудандарында тұратын 22 ардагердің үйіне барып, қан қысымын өлшейтін тонометр мен жеміс-жидек апарып берді. Игі іс барысында ардагерлер өздеріне қамқорлық танытқан жандарға ақ батасын беріп, алғыстарын айтты. Іс-шара Қазақстан халқы Ассамблеясы, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен және «Қазақстан халқы Ассамблеясының» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен болды.

«Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі

Кейін қарай