Қазақстан халқы Ассамблеясы

08 Мамыр, 2015

780

«Асар» әлеуметтік ынтымақтастық акциясы жайлы АҚПАРАТ

Ағымдағы жылдың 5 мамырда Талдықорған қаласында Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы, «Достық Үйі – Қоғамдық келісім орталығы» КММ және облыстық орыс орталығының ұйымдастыруымен  «Асар» әлеуметтік ынтымақтастық акциясы аясында Ұлы Отан соғысының ардагері Василий Лаврентьевич Горбовтың қараусыз жатқан зиратына жаңғырту жұмыстары жүргізілді. 

Ардагер Украина, Венгрия, Чехия майдандарындағы шайқастарға қатысып, ерлік көрсеткені үшін І, ІІ және III дәрежелі «Даңқ», І дәрежелі «Ұлы Отан соғысы» ордендерімен және «Ерлігі үшін» медалімен  марапатталған. 

В.Горбов 1945 жылы қараша айында соғыстан оралғаннан кейін Талдықорған қаласындағы «Казахстройэлектромонтаж» кәсіпорнында ұзақ жылдар бойы еңбек еткен.

Кейін қарай