Қазақстан халқы Ассамблеясы

12 Шілде, 2022

255

Қасиетті мерекедегі жақсы амал

Адам өміріндегі игі істердің бірі – мұқтаж жандарға көмек қолын созу. Осы мақсатта өңіріміздегі этномәдени бірлестіктер және Ассамблея жастары Құрбан айт мерекесіне орай қайырымдылық акциясын өткізді. Әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға көмек ретінде жиналған киім-кешектер мен ойыншықтар Құспан-молла мешітіне тапсырылды.

Қайырымдылық жасау – ризық-несібені көбейтіп, жүректерді жұмсартатын сауабы мол іс. Осынау қасиетті мерекеде жасалған жақсылықтың да сауабы еселене түспек.

Кейін қарай