Қазақстан халқы Ассамблеясы

02.12.2021

269

Қазақстан халқы Ассамблеясының жаңа достық елшілері бекітілді

2021 жылғы 21 қарашадағы №21-35-4.5 Қазақстан халқы Ассамблеясының Кеңесі отырысының шешімімен Қазақстан халқы Ассамблеясының жаңа достық елшілері бекітілді. Олар:

- Әзербайжан Республикасының Милли Мәжіліс Төрағасының орынбасары, Әзербайжан-Қазақстан парламентаралық байланыс жөніндегі жұмыс тобының жетекшісі Алиев Адиль Абыш Оглы (Әзербайжан Республикасы);

- Өзбекстан ұлттық телерадиокомпаниясының "Ozbekiston" радиоарнасының аға редакторы, Өзбекстан Жазушылар одағының мүшесі Хамраева Хулкар Хамидуллаевна (Өзбекстан Республикасы);

- Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесі Бас хатшысының орынбасары Раев Султан Акимович (Қырғыз Республикасы);

- «Менің Қазақстаным» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Соколовски Владислав (Władysław Sokolowski) (Польша);

«Климент Охридский әулие» атындағы София университетінің профессоры Дронзина Татьяна Александровна (Болгария).


Кейін қарай