Қазақстан халқы Ассамблеясы

23.11.2020

625

«Бұлғар» татар этномәдени бірлестігінің құрылғанына 30 жыл толды

Маңғыстау облысында «Бұлғар» татар этномәдени бірлестігі 30 жылдық мерейтойын атап өтті.

Іс-шара Маңғыстау облысы хатшылығының меңгерушісі Гүлжан Исмурзина, этномәдени бірлестіктердің төрағалары мен өкілдері қатысты.


Гүлжан Исмурзина татар этномәдени бірлестігін мерейтойымен шын жүректен құттықтап, Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Тұрымовтың және Маңғыстау облысының ІСБ жетешісі Ержан Күмісқалиевтің атынан алғыс хаттар табыс етті.

- Жұмыс істеген жылдары біз жексенбілік мектеп пен шығармашылық топ ашып, Маңғыстаудың мәдени және саяси өміріне белсене қатыстық. Одан әрі де осындай белсенділік жұмыстарымызды жалғастыра бермекпіз. Жалпы, бұл мерейтойды қала тұрғындарымен бірге атап өткіміз келген, бірақ елдегі ахуалға байланысты осындай шағын ко жнцерт өткізіп, татар тағамдарының көрмесі ашып отырмыз, - деді "Бұлғар" ЭМБ төрағасы Фандал Сахибгареев.

Кейін қарай