Қазақстан халқы Ассамблеясы

23.05.2019

3933

БҰЛ КҮНІ - 23 МАМЫР

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының қайраткерлік қызметінің жылнамасы.

2005 ж.: Мемлекет басшысы Маңғыстау облысына жұмыс сапары барысында Ақтау теңіз портында таяз суда жүре алатын «Астана» атты тұңғыш қазақстандық мұнай құю танкерінің салтанатты тұсаукесер рәсіміне қатысты.

004-23.png

Жиналғандарды айтулы оқиғамен құттықтай отырып, Президент су ығыстырғыштығы 12 мың тонна болатын осы тәріздес екі кеменің жасалып жатқандығын айтты. «2010 жылы Қазақстан 100 млн. тоннаға дейін мұнай өндіретін болады. Бұл дегеніміз, оны тасымалдау мәселелерін ұзаққа созбай шешуіміз керек. Сондықтан, өзіміздің заманауи танкерлік флотын құру - мемлекетіміз үшін өміршең қажет мәселе. Ол мұнайды халықаралық нарықтарға тоқтаусыз жеткізуге мүмкіндік береді», - деп атап өтті Н.Ә.Назарбаев.

005-23.png

Мемлекет басшысы теңізшілерге штурвалды беріп, Құрметті қонақтар кітабында естелік жазбасын қалдырды.
Бұдан соң Президент мұнай және мұнай өнімдерін қабылдайтын, сақтайтын және тасымалдайтын, кейін оларды танкерлерге жүктеуге арналған «Mobileks» мұнай құю терминалын қарап шықты.
*****
Теңіз портынан кейін Мемлекет басшысы облыстық перзентхана орталығында болды. Мұнда Президент кәсіби медициналық көмек көрсетуге арналған жаңа жабдықтарды, атап айтқанда, ультрадыбыстық диагностика және кардио-томографиялық тексеру аппараттарын, жаңа туған нәрестелерге арналған интенсивті терапия бөлімін қарап шықты.

006-23.png

«Бүгінгі денсаулық сақтау саласы - ең басты әлеуметтік басымдықтардың бірі, себебі ұлт денсаулығы - еліміздің болашағы. Денсаулық сақтау саласын реформалау ең бастысы - сапалы алғашқы медициналық көмек көрсету жүйесін қалыптастыруға, ана мен бала денсаулығын қорғауға бағытталған. Біз бала өлімін қысқартып, демографиялық өсім үшін барлық жағдайлар жасауымыз қажет», - деді Н.Ә.Назарбаев.
*****
Мемлекет басшысы «Казмортрансфлот» ұлттық теңіз кеме қатынасы компаниясы» АҚ ғимаратында облыстың зиялы қауым өкілдерімен кездесу өткізді.
Өз сөзінде Мемлекет басшысы тәуелсіздік жылдарында елімізде сөз бостандығының нақты қорғалуы қамтамасыз етіліп, цензура жойылғанын айтты, Қазақстанда бейбітшілік пен келісімді нығайтуда маңызды рөлге ие болған ұлттық-мәдени орталықтардың қызметін жоғары бағалады.
*****
Мемлекет басшысы бүкіл әлемде 2 600 нысаны бар «Marriott International» халықаралық қонақ үй компаниясының «Renaissance Aktau» жаңа бесжұлдызды қонақ үй кешенінде болып, нөмірлерді, шай ішетін бөлмені, мейрамханалар мен отель барларын қарап шықты.
Салтанаттар залында Н.Ә.Назарбаевтың шағын және орта бизнес өкілдерімен, «Атамекен» Қазақстан кәсіпкерлері мен жұмыс берушілердің жалпыұлттық одағының өңірлік өкілдігінің мүшелерімен кездесу өтті.
Н.Ә.Назарбаев өңірде кәсіпкерліктің дамуына оң баға берді, алайда «қол жеткізген көрсеткіштер алға жылжу үшін жеткіліксіз екендігін» атап көрсетті. Шағын және орта бизнес біздің экономикамыздағы нағыз жасампаз күшке айналды. Оның үлесіне елдің ЖІӨ 1/4 бөлігі келеді. Бірақ, барлығы салыстырған кезде білінеді. Дамыған мемлекеттерде бұл көрсеткіш үш есе артық, ал мысалы, Жапонияда ЖІӨ 80%-дан астамын шағын бизнес мекемелері өндіреді. Сондықтан, бізге алға ұмтылатын нәрселеріміз көп. Бұл ретте отандық өнімдердің бәсекеге қабілеттілігін арттыруды ұмытпауымыз қажет. Бүгін біз өз орнымызды тауып, әлемдік нарыққа немен шығатынымызды ойлағанымыз абзал. Біздің ДСҰ-ға кіруіміз шүбәсіз, сол кезде шекара ашылады, республикада халық тұтынатын тауарлар ағыны көптеп келеді. Біз осыған дайын болып, өзіміз сапалы өнімдерді ұсынуымыз қажет».
Мемлекет басшысы сондай-ақ бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі тақырыбын көтерді. Президент кәсіби кадрларды даярлау үшін ішкі ресурстарды кеңінен қолдануға, өңірлерде адамдардың ахуалдарына көңіл бөлуге, шағын бизнеске көмек ретінде консалтингтік орталықты ашуға үндеді.

2006 ж.: Мемлекет басшысы «1997 жылғы 10 маусымдағы Қазақстан Республикасы Үкiметi мен Әзiрбайжан Республикасы Үкiметi арасындағы Еркiн сауда туралы келiсiмге өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» №144-III Заңына қол қойды. Президент сондай-ақ «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Гуманитарлық ынтымақтастығы туралы келісімді бекіту туралы» №120, «Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 23 сәуірдегі №1560 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы» №121 жарлықтарына қол қойды.

2008 ж.: Мемлекет басшысы «А.А.Мусинов туралы» №600, «Қ.Е.Омаров туралы» №601 жарлықтарына қол қойды.

2010 ж.: Мемлекет басшысы Оңтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында Шымкент қаласында Қазақстанға ресми сапармен келген Түркия Республикасының Президенті А.Гүлмен кездесіп, шағын құрамда келіссөздер жүргізді.

007-23.png


2012 ж.: Мемлекет басшысы Қазақстанға V Астана экономикалық форумына қатысу үшін келген бірқатар жетекші халықаралық ұйымдардың өкілдерін қабылдады.

008-23.png

Кездесуге БҰҰ экономикалық және әлеуметтік мәселелер жөніндегі бас хатшысының орынбасары Ш.Цзукан, ХВҚ басқарушы директорының орынбасары М.Жу, ДСҰ бас хатшысының орынбасары А.Хара, БҰҰ сауда және даму жөніндегі конференциясының бас хатшысы П.Драганов, БҰҰ бас хатшысының орынбасары - БҰҰ елді мекендер жөніндегі бағдарламасының атқарушы директоры Х.Клос қатысты.
Президент Қазақстанның Астана экономикалық форумын өткізуге үлкен мән беретінін атап айтты. «Мұнымен біз әлемдік экономиканы тұрақтандыру ісіне өз үлесімізді қосамыз. Жыл өткен сайын форумға қатысушылар саны артып келеді, оның халықаралық беделі де өсе түсуде. Біз үшін сіздердің осы шараға белсене қатысуларыңыз өте маңызды», - деді Н.Ә.Назарбаев қонақтарға арнаған сөзінде.
Өз кезегінде кездесуге қатысушылар Қазақстан Президентіне шақыруы үшін алғыстарын айтып, Астана экономикалық форумының биік мәртебесін атап көрсетті.
*****
Мемлекет басшысы V Астана экономикалық форумына қатысушылармен, оның ішінде Зияткерлік меншік жөніндегі дүниежүзілік ұйымның бас директоры Ф.Гарримен, «ExxonMobil Corporation» корпорациясының Директорлар кеңесінің төрағасы, бас атқарушы директоры Р.Тиллерсонмен, Германия Федеративтік Республикасының бұрынғы Президенті Х.Келермен бірқатар екіжақты кездесулер өткізді.

009-23.png

010-23.png

011-23.png

*****
Сол күні Мемлекет басшысы Астана қаласында өткен V Астана экономикалық форумына қатысты. Әлемді экономикалық трансформациялау жолдары тақырыбына арналған форум қонақтарының қатарында Нобель сыйлығының лауреаттары, «Қазіргі заманның 100 ойшылы» жаһандық рейтингіне қатысушылар, іс басындағы және бұрынғы мемлекет пен үкімет басшылары, дүниежүзіне танымал саясаткерлер, халықаралық ұйымдар мен өңірлік бірлестіктердің басшылары бар.

012-23.png

Форум жұмысын аша отырып, Қазақстан Президенті «Астана экономикалық форумы саясаткерлер, ғалымдар мен сарапшылардың жаһандық деңгейдегі үнқатысуының маңызды бір алаңына айналған. Мұны оған қатысушылардың сапалық құрамы да дәлелдей түседі. Бұл форумға қатыссам деген тілекпен әлемнің 90-нан астам елінен 8 мыңнан астам адам өтініш жолдады. Форумға қатысушылар арасында 12 Нобель сыйлығының лауреаты, «Қазіргі заманның 100 ойшылы» атты жаһандық рейтингке кірген 4 белгілі тұлға бар», - деп ризашылықпен атап өтті.
...4 жылдың ішінде біздің форумның пікірталастар диапазоны елеулі түрде артты. Астана форумы өзінің мағынасына сәйкес жаһандық даму проблемаларына кең ауқымды «еуразиялық көзқарасты» білдіретін пікір тарату мекеніне айналды».
Сөйлеген сөзінің мәтіні мұнда ...  
*****
Түстен кейін Мемлекет басшысы Қазақстанға ресми сапармен келген Түркия Республикасының Премьер-министрі Р.Т.Эрдоғанды қабылдады.

013-23.png

Шағын және кеңейтілген құрамдағы келіссөздер барысында өзара сауда деңгейін арттыру, инвестицияларды тарту, көлік саласын дамыту, атап айтқанда, «Қазақстан-Түрікменстан-Иран» темір жолын Түркия темір жолымен қосу перспективалары, түрік капиталының қатысуымен Қазақстанда бірлескен өнеркәсіп аймағын құру мәселелері талқыланды.
Тараптар сондай-ақ Таяу Шығыс елдеріндегі ахуал, Ауғанстанды қалпына келтіруге жәрдемдесу, Қазақстанның ИЫҰ төрағалығы және Түркияның АӨСШК төрағалығы сияқты халықаралық және өңірлік сипаттағы өзекті тақырыптар бойынша пікір алмасты.
Келіссөздер қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы мен Түркия Республикасы арасындағы жоғары деңгейдегі Стратегиялық ынтымақтастық кеңесін құру туралы бірлескен мәлімдеме қабылданды.

2013 ж.: Мемлекет басшысы Астана қаласында өткен VI Астана экономикалық форумына қатысты. Форумға қатысушылар алдында сөйлеген сөзінде Президент әлемдік қоғамдастық үшін өзекті болып табылатын проблемалар және оларды Жаһандық дағдарысқа қарсы жоспар аясында шешу бойынша өз көзқарасымен бөлісті.

014-23.png

015-23.png

016-23.png

Сөйлеген сөзінің мәтіні мұнда ... 
*****
Мемлекет басшысы VI Астана экономикалық форумының жұмысы аясында экономика саласы бойынша Нобель сыйлығының лауреаттары - Д.Нэш, Д.Мирлис, Р.Манделл, Э.Прескотт, Ф.Кидланд, Р.Ауманн, К.Писсаридеспен, физика саласының лауреаттары - Д.Смут, физиология және медицина саласының лауреаттары - Э.Неермен кездесті.
Әңгімелесу барысында халықаралық қаржы-экономикалық жүйенің жағдайы туралы, сондай-ақ дүниежүзілік экономиканың тұрақты даму жолына ауысу бойынша сындарлы шешімдер шығаруға бағытталған Қазақстан бастамалары туралы пікір алмасу болып өтті.
Кездесуге қатысушылар VI Астана экономикалық форумы мен Бүкіләлемдік дағдарысқа қарсы конференцияның күн тәртібінің өзектілігін атап айтты.
Мемлекет басшысы бұл іс-шара сарапшыларға әлемдегі қазіргі экономикалық ахуалдың проблемалары мен даму перспективалары туралы көзқарастарымен бөлісуге мүмкіндік беретінін атап айтты.
*****
Мемлекет басшысы VI Астана экономикалық форумының жұмысы аясында БҰҰ өкілдерімен кездесті.
Кездесуге БҰҰ Бас Ассамблеясы 67-ші сессиясының төрағасы В.Еремич, ЭКОСОС төрағасы Н.Осорио, Фиджи аралдары Республикасының Сыртқы істер және халықаралық ынтымақтастық министрі, 77 тобы мен Қытай төрағасы Р.Кубуабола, БҰҰ бас хатшысының экономикалық және әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары У.Хунбо, ЮНКТАД бас хатшысы С.Панитчпакди, БҰҰ бас хатшысының орынбасары - БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссиясының Атқарушы хатшысы С.Алкалай және ЭСКАТО директоры Н.Кумар қатысты.
Әңгімелесу барысында Қазақстанның БҰҰ бөлімшелері және агенттіктерімен ынтымақтастығының өзекті перспективалары, сондай-ақ Қазақстанның Бүкіләлемдік дағдарысқа қарсы конференциясын өткізу жөніндегі Қазақстан бастамаларының негізгі қағидаттары талқыланды.
*****
Мемлекет басшысы VI Астана экономикалық форумының жұмысы аясында Германия экономикасы Шығыс комитетінің төрағасы Э.Кордеспен кездесті.

017-23.png

Кездесу барысында Қазақстан мен Германия арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайту мен оның аясын кеңейтуге байланысты кең ауқымды мәселелер, сондай-ақ бұл үдерістегі Германия экономикасы Шығыс комитетінің рөлі талқыланды.  
*****
Мемлекет басшысы VI Астана экономикалық форумының жұмысы аясында Нобельдер мұрасы Баку қорының төрағасы Т.Багировпен, сондай-ақ Г.Нобель және Ф.Нобельмен кездесті.

018-23.png

Кездесуде Қормен ынтымақтастықты дамыту перспективалары қаралды. Тараптар Қазақстанда бірлескен жобаларды іске асыруға ыңғайлы мүмкіндіктердің болуын атап айтты және оларды жүзеге асыру үдерісінде табысты қарым-қатынас жасалатынына сенім білдірді.
*****
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы мен Испания Корольдігі арасындағы сотталған адамдарды беру туралы шартты ратификациялау туралы» №97-V, «Қазақстан Республикасы мен Испания Корольдігі арасындағы ұстап беру туралы шартты ратификациялау туралы» №98-V, «Қазақстан Республикасы мен Халықаралық қайта құру және даму банкi арасындағы №7681-KZ Қарыз туралы келiсiмге («Оңтүстік-Батыс» автомобиль жолдарын дамыту жобасы: «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» халықаралық транзит дәлізі (ОАӨЭЫ 1b және 6b) түзетулерге қатысты Қазақстан Республикасы мен Халықаралық қайта құру және даму банкi арасындағы келісім-хатты ратификациялау туралы» №99-V, «Қазақстан Республикасы мен Халықаралық қайта құру және даму банкi арасындағы Қарыз туралы келiсiмді («Шығыс-Батыс» автомобиль жолдарын дамыту жобасы («Алматы-Қорғас» учаскесі): «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» халықаралық транзит дәлізі (ОАӨЭЫ 1b) ратификациялау туралы» №100-V заңдарына қол қойды.

2014 ж.: Мемлекет басшысы Қазақстанға VII Астана экономикалық форумына және ІІ Дүниежүзілік дағдарысқа қарсы конференцияға қатысу үшін келген Нобель сыйлығының лауреаттарымен кездесті.
Кездесуге В.Курт, Ф.Кидланд, Д.Смут, М.Юнус, С.Тимашев, П.Кристофер, А.Варшель қатысты. Әңгіме барысында жаһандық экономиканың проблемалары мен перспективалары, сондай-ақ жаһандану жағдайындағы Қазақстанның даму мәселелері бойынша пікір алмасу өтті.
*****
Мемлекет басшысы Қазақстанға VII Астана экономикалық форумына және ІІ Дүниежүзілік дағдарысқа қарсы конференцияға қатысу үшін келген БҰҰ өкілдерімен кездесті.

019-23-1.png

Кездесуге қатысқандар ішінде БҰҰ бас хатшысының орынбасары Г.Ачария, БҰҰ ЭКОӘК төрағасы М.Сайдик, БҰҰ бас хатшысының орынбасары - Шығыс Тимор жөніндегі арнайы кеңесші Н.Хейзер және БҰҰ конференциясының сауда және даму жөніндегі бас хатшысы М.Китуи бар.
Келіссөздер барысында Қазақстан Республикасының Үкіметі мен ЕҚҚБ және ИДБ арасындағы серіктестік туралы негіздемелік келісімдер қаралып, қол қойылды.
Кездесу соңында Еуропалық парламент мүшесі М.Давид пен Болгария Республикасының бұрынғы президенті П.Стоянов Н.Ә.Назарбаевқа Жаһандық диалог және ынтымақтастық орталығының 2013 жылғы «Әлеуметтік бизнес-сұхбатты нығайтуға үлес» номинациясындағы сыйлығын табыс етті.
*****
Мемлекет басшысы Астана қаласындағы Тәуелсіздік сарайында өткен VII Астана экономикалық форумына және II Дүниежүзілік дағдарысқа қарсы конференциясына қатысты.

020-23-1.png

Өз сөзінде Н.Ә.Назарбаев жаһандық ядролық қауіпсіздік, Украинадағы қақтығысты шешу жолдары, мемлекетаралық шекара дауларын бейбіт түрде реттеу, еркін сауда мен нарық мүдделеріне санкциялық шараларды қолданудың жөнсіздігі турасындағы мәселелер бойынша халықаралық диалогтардың әлсіреп кеткеніне алаңдаушылық білдірді.

021-23-1.png

«Әлемдік саясаттағы сенім деңгейінің төмендеп кетуі - қауіпті құбылыс», - деп мәлімдеді ол және әлемдік қауымдастықты эволюциялық, сенімділік, ашықтық, толеранттық және үнқатысушылық қағидаттарында өмір сүріп үйренуге шақырды.

022-23-1.png

Қазақстан Президенті жаһандық әлемдегі аса өзекті мәселелердің қатарында теңсіздікті де атап айтты және БҰҰ, Дүниежүзілік банк және өзге де халықаралық ұйымдармен бірлесіп, «Кедейшілікті жоюдың жол картасын» әзірлеуді ұсынды.

023-23.png

Өз сөзінің соңында Мемлекет басшысы бұл форум G-Global әлемінде адамзаттың жаңа даму парадигмасының жолдары туралы халықаралық пікірталасқа өз үлесін қосатынына сенім білдірді.

024-23.png

Сөйлеген сөзінің мәтіні мұнда ...  
*****
Сол күні Мемлекет басшысы Қазақстанға ресми сапармен келген Малайзия Федерациясының Премьер-министрі Н.Т.Разакпен кездесті.

025-23.png

Шағын және кеңейтілген құрамдағы келіссөздер барысында сауда-экономикалық, инвестициялық, индустриялық-инновациялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықты кеңейтудің өзекті бағыттары талқыланды. Тараптар сондай-ақ халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.

026-23.png

Келіссөздер қорытындысы бойынша жалпы сомасы 1,1 млрд доллардан асатын келісім-шарттарға қол қойылды, оның ішінде Маңғыстау облысы бойынша екі жоба және Жамбыл облысы бойынша бір жоба бар.
***** 
Мемлекет басшысы Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинге Үрімші қаласында болған террорлық оқиғаға байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады.
«Террорлық оқиға салдарынан көптеген кінәсіз жандар құрбан болғаны және зардап шеккені туралы қайғылы хабарды күйзеле қабылдадым.
Қазақстан халқының және өз атымнан қаза тапқандардың туған-туыстарына қайғырып көңіл айтып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тілеймін.
Қазақстан елдеріміздің бейбіт өмірі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қазіргі заман қауіп-қатерлеріне қарсы күресте Қытаймен тығыз ынтымақтастыққа әрқашан дайын екендігін атап айтқым келеді», - делінген жеделхатта.
*****
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеті және Ұлттық банкінің сметасы (бюджеті) есебінен қамтылған Қазақстан Республикасы органдары қызметкерлеріне еңбекақы төлеудің бірыңғай жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 17 қаңтардағы №1284 Жарлығына толықтырулар енгізу туралы» №818 қбп, «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Қылмыстық кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимылы туралы шарт бойынша құзыретті мемлекеттік органдардың тізбесін бекіту туралы» №819, «Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын алуға арналған конкурс және «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-конкурсы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 9 қазандағы №194 Жарлығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» №820, «Жергілікті жер комендатурасының қызметі туралы үлгі ережені бекіту туралы» №821 жарлықтарына қол қойды.

2017 ж.: Мемлекет басшысы өзінің астаналық «Ақорда» резиденциясында Біріккен Араб Әмірліктерінің Сыртқы істер министрі, шейх Абдалла бен Заид әл-Нахаянды қабылдады.

027-23.png

Кездесу барысында Қазақстан Президенті екіжақты байланыстарды нығайтудың маңыздылығына тоқталып, биылғы жыл екі ел арасындағы ынтымақтастықтың жаңа кезеңінің бастауы болатынына сенім білдірді.
Өз кезегінде БАӘ Сыртқы істер министрі Сауд Арабиясы Корольдігінде өткен саммиттің табысты болғанын айтып, соның аясында Н.Ә.Назарбаевтың Әбу-Дабидің тақ мұрагері, шейх Мұхаммед бен Заид әл-Нахаянмен әңгімелескенін еске салды.
*****
Мемлекет басшысы Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің Премьер-министрі Т.Мэйге Манчестер қаласында болған террорлық актінің салдарынан көптеген адамдардың қаза болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады.
*****
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы мен Вьетнам Социалистік Республикасы арасындағы ұстап беру туралы шартқа қол қою туралы» №482 Жарлығына қол қойды.

Дереккөз: Akorda.kz

Оқи отырыңыз:
БҰЛ КҮНІ - 22 МАМЫР
ЕЛБАСЫНЫҢ ТӨРАҒАЛЫҒЫМЕН «САМҰРЫҚ – ҚАЗЫНА» ҰЛТТЫҚ ӘЛ-АУҚАТ ҚОРЫН БАСҚАРУ ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕСТІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
ШЫМКЕНТ КЕЛЕСІ ЖЫЛЫ ТМД-НЫҢ МӘДЕНИ АСТАНАСЫ АТАНАДЫ

Кейін қарай