Қазақстан халқы Ассамблеясы

02.12.2021

286

Елордада «Тәуелсіздіктің 30 жылдығы: бейбітшілік, келісім, болашағы біртұтас ұлт» атты халықаралық конференция өтті

Елорда Достық үйінде «Тәуелсіздіктің 30 жылдығы: бейбітшілік, келісім, болашағы біртұтас ұлт» атты халықаралық конференция өтті. Конференция жұмысына Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі М.Әзілханов, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары, Ресей халықтары Ассамблеясының сарапшылары, елшіліктердің өкілдері, сондай-ақ көрнекті қоғам және саяси қайраткерлер, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері қатысты.


Халықаралық конференция Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігінің бірінші күнінен бастап жариялаған бірлік, бейбітшілік және келісім саясатын ұғынуға мүмкіндік береді. Іс-шараға қатысушылар Тәуелсіздіктің 30 жылы ішінде атқарылған жұмыстардың қорытындыларын талқылап, нақты саясат саласындағы басым міндеттерді белгіледі.

Ең алдымен, қазіргі мемлекеттік саясатта Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың саяси бағытының мызғымастығы және шығармашылық стратегиялық сабақтастығы қамтамасыз етілгенін атап өткен жөн.


Этносаралық қатынастар барған сайын қоғамдағы экономикалық, әлеуметтік және саяси тұрақтылықтың маңызды факторы ретінде байқалуда. Қазақстан халқы Ассамблеясы негізіндегі халық бірлігінің үлгісі – Елбасының төл туындысы-халықаралық танымалдыққа ие болды. Әрбір этнос-Қазақстан халқының ажырамас бөлігі. Біздің моделіміздің басты ерекшелігі диалог пен сенімнің пәрменді тетіктерін құру болды. Мұны барлық спикерлер өз сөздерінде атап өтті. Қазақстан халқы Ассамблеясы конституциялық мәртебесі бар институт ретінде мемлекеттік құрылыстың жаңа кезеңінде қазақстандық бірегейлікті, келісім мен бірлікті нығайтуда одан әрі де маңызды рөл атқаратын болады.


Конференция барысында ҚХА хатшылығының меңгерушісі-ҚХА төрағасының орынбасары М.А. Әзілханов елордалық Ассамблея белсенділеріне этносаралық қатынастарды дамытуға қосқан үлестері үшін алғыс хаттарын табыс етті.


Кейін қарай