Қазақстан халқы Ассамблеясы

13.06.2019

5216

Елордадағы Достық үйінде қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру сұрақтары қарастырылады

13 маусым күні сағат 10:00 елордадағы Достық үйінде Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан халқы ассамблеясының қолдауымен «Астана адалдық алаңы» жобасы аясында «Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі (ҚАЖ) департаментінің жеке құрамы арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары» тақырыбында дөңгелек үстел өтеді.


Ұйымдастырушылардың ақпаратына сәйкес, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті «Қырғызстан-Астана» ҚБ және ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департаментімен бірлесе отырып ұйымдастырылатын дөңгелек үстелдің мақсаты – азаматтарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларына тарту және қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру.

Дөңгелек үстел жұмысына Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ҚАЖ департаментінің басшылары мен қызметкерлері, елорда Ассамблеясының, этномәдени бірлестіктердің, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілдері мен Қазақстанның діни қайраткерлері қатысады.

Кейін қарай