Қазақстан халқы Ассамблеясы

17.05.2019

3888

Талдықорғанда халықаралық «Сабантой - 2019» мерекесі өтті

Талдықорғанның Жастар саябағында халықаралық «Сабантой - 2019» мерекесі өтті.

Талдықорған қаласындағы Жастар саябағында облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы және «Туган тель» татар этномәдени орталығының ұйымдастыруымен татар мен башқұрт халқының көктемгі егін науқанының аяқталуымен байланыстырылатын «Сабантой – 2019» мерекесі атап өтілді.

ffa8041e-e08b-48a5-8e2c-3707f8c35849.jpg

Мерекеге Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – ҚР Президенті Әкімшілігі ҚХА хатшылығының меңгерушісі Жансейіт Түймебаев, облыстық ҚХА төрағасы А. Баталов, Татарстан республикасының делегациясы,  ҚХА мүшелері, этномәдени білестіктердің төрағалары мен белсенділері қатысты.

75d0886e-9df2-43f3-a6a0-a75ca414f88f.jpg

Сабантой мерекесіне келген қонақтар Татарстан республикасы өнер шеберлерінің және республиканың әр өңірінен келген татар-башқұрт этномәдени орталықтарының қатысуымен «Сабантуй бояулары» атты концерттік бағдарламаны тамашалады.

993fdc25-7aac-4a6f-8fd1-b902a7039b1b.jpg

«Сабантой - 2019» мерекесінде «Татарча көрәш», ұлттық ойындардан жарыс, ұлттық билер байқауы, чак-чак party, балалар «майданы», ертегілер әлемі, батыр-юниор және тағы басқа байқаулар мен жарыстар өтті. 

 bd834ab4-069e-4672-8157-ea473782c4b4.jpg

Кейін қарай