Қазақстан халқы Ассамблеясы

25.11.2020

819

Таразда «Самшобло» грузин этномәдени бірлестігі этнос күнін атап өтті

Тараз қаласында «Самшобло» грузин этномәдени бірлестігі этнос күнін өткізді. Этнос күнінде грузин тіліндегі әдебиеттер, қолөнермен жасалған қыш ыдыстар, шарапқа арналған мүйізді ыдыстар, ұлттық бас киімдер, сонымен бірге Қазақстан мен Грузияның мемлекеттік рәміздері көрсетілді.


Іс-шарада грузин халқының әндері шырқалып, жастар ұлттық киімдерде кавказдық билерді биледі. Бұған қоса, Жамбыл облысындағы басқа да этномәдени орталықтарының басшылары қатысып, жаңа табыстар тіледі.

– Жамбыл облысында тату-тәтті тұратын үлкен ірі этнос өкілдерінің қатарында грузин этносы да өз тіршілігін жасауда. Біздің этномәдени бірлестігіміз ұлтаралық келісімді сақтау. Біздің бірлестік – грузин халқының салт-дәстүрін, тарихын, мәдениетін лайықты түрде танытып жүргендердің бірі. Бұдан ары да ассамблея іс-шараларына және ел тыныштығын сақтауға бір адамдай атсалысамыз, - деді «Самшобло» грузин этномәдени орталығының жетекшісі Зураб Джанашия өзінің құттықтау сөзінде.

Шара соңында Жамбыл облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Рано Убайдуллаева қоғамдық бірлестіктің мүшелеріне алғыс хаттар табыс етті.

Кейін қарай