Қазақстан халқы Ассамблеясы

19.02.2020

1613

Терендез: Армяндардың көне ұлттық мерекесі – көктемнің жаршысы

Өскеменде Армян этномәдени бірлестігі «Терендез» ұлттық мерекесін атап өтті. Жыл сайын көктем келер шақта армяндар өздерінің ұлттық мейрамы «Терендез» мерекесін атап өтеді, бұл мейрам ежелгі отқа табынушылықпен байланысты.

Бұл күні Достық үйі-Қоғамдық келісім орталығының алды той-думанға айналды. Армян халқының тіл үйірер тағамдары, ұлттық киім киген бойжеткендері мерекенің ажарын келтірді.


Терендез мерекесін қызықтауға қала тұрғындары көп жиналды. Олар «Арарат» ұжымы өнерпаздарының өнерін тамашалады. Көрермендерді алау жанында билеген «Карно кочари» биі ерекше тәнті етті. Шығыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Жанна Асқарова мерекеге арнайы келіп, жиналғандарға ізгі тілегін білдірді.

Соңында мерекені тамашалаған барлық жұрт ақ дастарханнан дәм таттты.


Естеріңізге сала кетейәк, бастапқыда «Терендез» мерекесі «Дерендез» деп аталған. Оның мағынасы «Үйіңіздің алдындағы үйіліп жатқан шалғын шөпті» білдірген, яғни, үй иелеріне молшылық, жерге өнімнің бітік шығуын тілейді.

«Терендез» мейрамының ең басты ерекшелігі: аулаға от жағылып, ғашықтар сол алаудан қол ұстасып секіреді. Оның мәні – араларындағы сезімді нығайту. Ежелгі наным-сенім бойынша алаудың үстінен қолдарын үзбей секірген жұптың арасында ұрыс-керіс, отбасында түсініспеушілік орын алмайды.


Кейін қарай