Қазақстан халқы Ассамблеясы

30.11.2021

313

Қызылордада қырғыз этносының мәдени күні өтті

Қызылорда облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен «Сыр өңірі – бейбітшілік пен келісімнің мекені» жобасы аясында облыстық қырғыз этномәдени бірлестігінің ұйымдастыруымен Достық үйінің концерт залында қырғыз этносының мәдени күніне арналған салтанатты шара өтті.

Шараға «Қоғамдық келісім» КММ директорының орынбасары Фархат Әбдібағдатұлы, этномәдени бірлестіктердің жетекшілері мен белсенділері, жастар, қала мектептерінің оқушылары қатысты.


Жамбыл Жабаевтың туғанына 175 жыл толуына орай «Жүрегі бір, жолы бір – ежелден қимас бауырым…» атты театрландырылған қойылыммен басталған шара барысында «Қоғамдық келісім» КММ директорының орынбасары Фархат Әбдібағдатұлы құттықтау сөз сөйледі.

Қырғыз этносы күнінің концерттік бағдарламасын «Сырлы саз» халықтық фольклорлық ансамблі мен оның солистерінің орындауындағы әндер мен күйлер көркемдеді.

«Сыр өңірі – бейбітшілік пен келісімнің мекені» жобасы аясында этностардың мәдени күндерін өткізу желтоқсан айында да жалғасын табатын болады.

Кейін қарай