Қазақстан халқы Ассамблеясы

13.06.2019

3852

Ж. Түймебаев: Қ.Тоқаевтың Президент қызметіне ресми кірісуі – Қазақстанның жаңа тарихи кезенге аяқ басуы

ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің Қазақстан Республикасы Президенті Қ.К. Тоқаевтың ант қабылдау рәсімінде көтерген ұтымды бастамалары мен алға қойған міндеттерін жүзеге асыру мақсатында кеңейтілген отырысы өтті.

Іс-шараға ҚХА Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Жансейіт Түймебаев, ҚХА Төрағасының орынбасары Юсуп Келигов, Шерзод Пулатов, Парламент Мәжілісі Төрағасының орынбасары Владимир Божко, сонымен қатар ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, ҚХА кеңесінің мүшелері, қоғам қайраткерлері, ғылыми және шығармашылық қауым өкілдері қатысты.

IMG_6364.jpg

ҚХА Төрағасының орынбасары Ж. Түймебаевтың айтуынша, Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан Республикасының Президенті қызметіне ресми кірісуі – Қазақстанның жаңа тарихи кезенге аяқ басуы. Жаңадан сайланған Мемлекет басшысының ұлықтау рәсімінде сөйлеген сөзі бірқатар маңызды бағыттарға назар аудартады.

«Мемлекет басшысының сөзі халықтың негізгі сауалдарына нақты және түсінікті жауап болды. Онда сайлау алдындағы тұғырнаманың ережелері ғана емес, оларға қол жеткізудің негізгі тәсілдері де көрініс тапты», – деді Ж. Түймебаев.

IMG_6402.jpg

Сонымен қатар ол Қ.К. Тоқаевтың басымдықтарын атап өтіп, бірінші қадам – Ұлттық қоғамдық сенім кеңесін құру болатынын жеткізді. Кеңес өзінің алғашқы жұмысын ағымдағы жылдың тамыз айында өткізетін болады.

«Бізге бір ай мерзімде Ассамблеяның азаматтық секторымен және оның құрылымдарымен кеңес құрып, жұмыс тәртібі мәселелері бойынша консультациялар өткізу тапсырылды», – деп, басты тапсырмаға назар аудартты ҚХА Төрағасының орынбасары.

Осыған орай ол кеңеске қатысушыларға ұсыныстарын әзірлеуге тапсырма берді. Осы жұмыстың қорытындысы бойынша Президенттің қарауына Кеңес құрамы мен Кеңес туралы ереже енгізілмекші. 

«Маңызы жағынан Мемлекет басшысының басты мақсаты – қоғамның бірлігін қамтамасыз ету және әрбір азаматтың құқықтарын қорғау», – деді спикер.

Баршаға белгілі Ассамблея Қазақстанда тұратын этностарды ғана емес, барлық халықты танытатын ұйым. Сондықтан Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылымдары – Қоғамдық келісім және Аналар кеңестеріне белсенді түрде тартылады.

IMG_6367.jpg

Осы бұқаралық әлеуметтік алаңда шешілетін мәселелердің ортақтығы негізінде Ассамблеяның шоғырландырушы және біріктіргіштік әлеуеті көрінеді, әрі тек сөзбен емес, азаматтық қағидат негізінде ұлтты қалыптастыру ісінде жүзеге асады.

«Бізге Қазақстан халқы Ассамблеясы жұмысының әлеуметтік бағытын дамыту қажет. Халықтың бірлігі әлеуметтік әл-ауқатқа объективті түрде негізделеді. Бұл бағытта Ассамблея жұмысы ҚХА Кәсіпкерлер қауымдастығы желісі бойынша құрылатын болады», – деп, бағыттарды айқындады ҚХА Хатшылығының меңгерушісі.

Сонымен қатар ол жастар мәселесін айтып өтті. Өйткені Мемлекет басшысы жастарды Қазақстанның дамуындағы шешуші рөл атқаратын озықтықтың қозғаушы күші деп атады.

Жастар жылында арнайы «Жастар – ел тірегі» жобасы мен «Жас кәсіпкер» бизнес-бастаманың даму бағдарламасы іске қосылған. Осыған орай ел жастарының «жеке табысқа» жетудегі жолында Президент тарапынан қолдау көрсетілетен болады.

IMG_6396.jpg

«Ассамблея тарапынан ҚХА «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысын дамытудың Жол картасын жүзеге асыруға ерекше назар аударылады. Біз жастарды Ассамблеяның барлық іс-шаралары мен жобаларына тартатын боламыз», – деді Ж. Түймебаев.

Ассамблея Қазақстанның жүз жаңа есімінің табыс тарихын ілгерілетіп, әрбір өңірде және әрбір Достық үйінде еріктілер желісін дамытуды ынталандырмақ.

IMG_6371.jpg

Жалпы Ассамблея ҚР Президенті Қ.К. Тоқаевтың қойған міндеттерін жүзеге асыруға белсенді қатысуға мақсатты.

Президенттің сайлауалды тұғырнамасын іске асырудың нақты жоспары бүкіл жұмыстың ортақ белгісіне айналып, онда азаматтар мен қоғамның тілектері ескеріледі. 

IMG_6368.jpg

  Нұргүл ШАТЕКОВА

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Қазақстан халқы Ассамблеясы порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Авторизация бойынша ank_portal@assembly.kz мекен-жайына хабарласыңыз.      

Кейін қарай