Қазақстан халқы Ассамблеясы

08 Шілде, 2022

369

Астана күнінде балаларға базарлық

Астана күніне орай, Ассамблея жастарының ұйымдастыруымен және «Барбанг» күрд этномәдени бірлестігінің демеушілігімен Облыстық отбасы үлгісіндегі балалар ауылы және жасөспірімдер үйінің тәрбиеленушілеріне арналған мерекелік шара өтті.

Мерекеге орай «Барбанг» күрд этномәдени бірлестігінің төрағасы Сейд Али Кадырұлы өз тілегін жолдады.


Биыл балалар жылы аясында балаларды қорғауға көп көңіл бөлінуде. Бүгінгі күні де сол үрдіс жалғасын тауып, балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлаған Ассамблея жастары алдымен, Атырау облыстық Ш. Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы сәндік өнер мұражайына саяхат жасады. Ондағы қолданбалы өнер туындыларымен таныстырды, ондағы әр суреттің тарихына, ерекшелігіне тоқталды. Көркем өнерге қызығушылығы басым жасөспірімдерге бұл саяхат ерекше әсер қалдырды.

Мерекелік бағдарлама Еркінқала елді мекеніндегі «Нұрлы тал» этно паркінде жалғасты. Этностильдегі парк жастардың патриоттық рухын шыңдап, еліміздің тарихи құндылықтарына деген қызығушылығын арттырары сөзсіз. Шара балаларға зор қуаныш сыйлады.


Кейін қарай