Қазақстан халқы Ассамблеясы

15 Мамыр, 2019

7814

Астанада ҚХА «Көшбасшы бол!» республикалық жастар форумы өтеді

16-мамыр күні сағат 10.00-де Қоянды елді мекеніндегі Рысқұлов көшесі,35 мекенжайы бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясының «Көшбасшы бол!» республикалық жастар форумы өтеді.

Шараға Парламент Мәжілісі депутаттары, Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелері, мемлекеттік орган басшылары, ҚХА «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысының мүшелері, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпаздары, жастар мен студенттер және волонтерлар қатысады деп жоспарлануда.

Ұйымдастырушылардың ақпаратына сәйкес, Форум барысында жастарды қолдау, көшбасшылық қабілетін қалыптастыру, бәсекеге қабілеттілігін арттыру, жастар ісі жөніндегі үкіметтік емес ұйымдардың жұмысын жандандыру мәселелері ортаға салынады. Сондай-ақ, қатысушылар «Жастар жылы» жол картасы жобасының жүзеге асуын талқылайды.

Дата события ассамблеи: 15.05.2019

Кейін қарай