Қазақстан халқы Ассамблеясы

21 Қазан, 2020

3090

«Атамұра» вокалды ансамблі он жылдық мерейтойын атап өтті

ШҚО-да Ерболат Садуақасов жетекшілік ететін «Атамұра» вокалды ансамблі өзінің 10-жылдық мерейтойын атап өтті.

Шығыс Қазақстан облыстық ақсақалдар кеңесінің өкілдері мен әріптестері мереке иелерін айтулы күнмен құттықтады. Ерекше жағдайда ұйымдастырылған дөңгелек үстелде шығармашылық топтың жетекшісі мен мүшелеріне көптеген жылы тілектер айтылды.


Достық үйі директорының міндетін атқарушы Жанар Алканова өзі сөзінде:

- Осы жылдар ішінде «Атамұра» ұжымы ерекше музыкалық нөмірлерімен қуантып, жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беруде зор үлес қосты. Аға буын өкілдеріне ата-бабаларымыздың қасиетті мұрасын сақтауда және қазақ мәдениетінің жан-жақтылығын көрсетудегі еңбектеріңізге алғыс білдіремін, - деді.

«Атамұра» өңірдің ұлттық брендіне айналып, бірнеше ірі байқауларда жүлдегерлер қатарынан көрінді.

Кездесу соңында вокалдық ансамбльдің жетекшісіне алғыс хаттар мен сыйлықтар табысталды.


Кейін қарай