Қазақстан халқы Ассамблеясы

23 Ақпан, 2020

1165

Атырау: Ақ жаулықты әжелер қазақтың «Бесік жырын» бес тілде орындап шықты

Атырау облысының Құрманғазы ауданында түрлі этнос өкілдерінің басын қосқан «Әлди әнге саламын» бесік жыры мерекелік фестивалі өтті.

Татулық пен бірлікті ту еткен Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығына орай өткен шараның мақсаты - елімізде тұратын ұлттар мен ұлыстардың арасындағы достық пен ынтымақты, өзге ұлт өкілдерінің қазақ халқына деген сыйластығын, ұлттық қатынасын нығайту болып табылады, дейді ұйымдастырушылар.


Киелі сахнада өнер көрсеткен түрлі ұлттар қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрпын дәріптеді. Соның ішінде қазақтың «Бесік жырын» қалмақ, неміс, орыс, өзбек тілдерінде орындаған ақ жаулықты әжелеріміздің әлдиі мерекенің сәнін ашты.

Фестивальге қатысқан 85 жастағы Тося әжей: «Осыдан 65 жыл бұрын қазақ жеріне келіп, қазақ отбасына келін болып түстім. Ол кезде небәрі 20 жаста едім. Міне, бүгінде үлкен шаңыраққа айналған тату отбасында нағыз қазақтың кейуанасына айналдым», - деп, сахна төрінде би билеп, ана тілінде «Мама» әнін орындады.

Шара соңында Атырау облысы ҚХА-ның атынан барлық қатысушылар Алғыс хаттармен марапатталды.


Кейін қарай