02 Шілде, 2019
4079
Атырау делегациясы Қазан қаласында Дүниежүзілік татарлар конгресі атқару комитетінің басшысымен кездесті
Маусым айының соңында Атырау делегациясының өкілдері Татарстанға жасаған сапарын одан әрі «Сабантой» ұлттық мерекесімен жалғастырды.
Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердымухамедов, Татарстан президенті Рустам Минниханов, сондай-ақ ТР Мемлекеттік кеңесші Минтимер Шаймиев пен Қазан қаласының мэрі Ильсур Метшиннің Атырау делегациясымен бірге осындай ұлттық мерекеге қатысуы Сабантойдың қаншалықты маңызды екендігін аңғартқандай болды.
Осындай айтулы мерекеде татар халқының дәстүрін, мәдениетін, өнерін тамашалаған Атыраулықтар Қазан қаласындағы қуатты аудандарының бірі болып саналатын Лаишевте және Түркменстанның екі алаңында өздерінің концерттік бағдарламасын көпшілікке ұсынды.
Түркмениядан келген мерекеге қатысушылар атыраулықтардың өнеріне, сыйластықтарына ризашылық білдіріп, одан әрі бірлескен ынтымақтастықты ұсынды.
Келесі күні Атырау делегациясының өкілдері Дүниежүзілік татарлар конгресі атқару комитетінің басшысы Ринат Закировпен кездесті. Оның барысында Атырау облысы ҚХА Хатшылығының меңгерушісі Гүлмира Шәкірова сапардың мақсаты туралы айта кетіп, Қазан қаласының көрнекті, тарихи жерлері туралы, сондай-ақ, «Сабантой» мерекесінен алған өз әсерлерімен бөлісті және Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевтың атынан достық пен одан әрі ынтымақтастықтың белгісі ретінде Алғыс хат пен кәдесыйлар табыс етті.
Сонымен қатар Гүлмира Шәкірова татар халқының «Сабантой» мерекесі Атырау өңірінде жыл сайын тойланатынын тілге тиек етіп, келер жылы Қазақстан халқы Ассамблеясы 25 жылдығын тойлағалы отырғанын да атап өтті.
Осы орайда, Дүниежүзілік татарлар конгресі атқару комитетінің басшысы Ринат Закиров алдағы жылы ҚХА-ның 25 жылдығының белгісі ретінде Атырауда республикалық маңызы бар «Сабантой» мерекесін бірлесіп өткізу туралы ұсынысын да білдірді.
Кездесу соңында «Татулық» татар-башқұрт этномәдени бірлестігінің төрағасы Гүлсина Байкенова да Ринат Закировқа жылы қабылдауы үшін алғыс білдіріп, Атыраудың татар диаспорасының атынан татар халқының ұлттық тағамдарын табыс етті.
Ұқсас жаңалықтар
-
Ассамблея жастары ұлттық ойындардан сайысқа түсті
-
Атырауда «Сәлем, Көктем» атты қайырымдылық концерті өтті
-
Семейде «Тұңғыш Президент Жолымен» халық экспедициясының» шеңберінде шаралар өтті
-
Қарағандыда Еркіктілер жылы салтанатты түрде бастау алды
-
Ақтөбе: ҚХА Шығыстың Аристотелі - Әль-Фарабидің 1150 жылдығын атап өтті
-
Көкшетау: Жастар чуваш халқының халық дәстүрлерімен танысып, әндерін орындап, түрлі ойындар ойнады
13 Наурыз, 14:58
Маңғыстау облысының Достық үйінде «Ақсақалдардың аталы сөзі» Ақсақалдар кеңесінің республикалық конференциясы өтті
14 Наурыз, 17:17
Абай облысында Наурызнаманың онкүндігі басталды
14 Наурыз, 12:27
Этномедиацияны дамыту мәселелері талқыланды
14 Наурыз, 10:28
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Амал күнімен құттықтады
14 Наурыз, 10:41
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Амал күнімен құттықтады
Ұқсас жаңалықтар
-
Ассамблея жастары ұлттық ойындардан сайысқа түсті
-
Атырауда «Сәлем, Көктем» атты қайырымдылық концерті өтті
-
Семейде «Тұңғыш Президент Жолымен» халық экспедициясының» шеңберінде шаралар өтті
-
Қарағандыда Еркіктілер жылы салтанатты түрде бастау алды
-
Ақтөбе: ҚХА Шығыстың Аристотелі - Әль-Фарабидің 1150 жылдығын атап өтті
-
Көкшетау: Жастар чуваш халқының халық дәстүрлерімен танысып, әндерін орындап, түрлі ойындар ойнады