Қазақстан халқы Ассамблеясы

20 Қазан, 2020

536

Атырау Достық үйінде корпоративтік тренинг-практикум өтті

Атырау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының Достық үйінде РММ әдістемелік кеңесінің ұсынымдарын іске асыру мақсатында "Мәселелерді талдау және шешім қабылдау" корпоративтік тренинг – практикум болып өтті.

"Қоғамдық келісім" КММ басшысы Жанар Ильясова Атырау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы қызметінің негізгі бағыттарын атап өтті. Шағын топтардағы жұмыс барысында тренингке қатысушылар- «Қоғамдық келісім» КММ мамандары, Қазақстан халқы Ассамблеясының және оның құрылымдық бөлімшелерінің белсенділері, мемлекеттік органдардың өкілдері өз қызметінің негізгі мәселелерін анықтады. Аталған тренинг-практикум қазіргі таңдағы проблемаларды ұжымдық анықтауға, шешімдер қабылдауда өзара іс-қимылдың бірлескен алгоритмін әзірлеуге, сондай-ақ қойылған міндеттерді іске асыру бойынша бірлескен жобаларды әзірлеуге бағытталған.


Қойылған міндеттерді шешу жолдары әлеуметтік жобалар конкурсы барысында анықталды. Ұсынылған жобалар - "Қала, аудан және ауыл тұрғындарын ҚХА қызметінің негізгі аспектілерімен таныстыру", "Қазақ салт - дәстүрлерімен, мәдениетімен таныстыру бойынша ЭКО арасында бірлескен жобалар өткізу", "Достық терезесі" әлеуметтік жобасы, мемлекеттік тілді үйрену бойынша" Қазақtimes" жобасы, "ҚХА жастар жобалары" – оң сараптамалық баға алып, оларды одан әрі іске асыру үшін 2021 жылға арналған жұмыс жоспарына енгізіледі.

Кейін қарай