Қазақстан халқы Ассамблеясы

02 Маусым, 2021

254

Атырау мен БҚО ҚХА құрылымдық бөлімшелері бірлескен семинар-тренинг өткізді

Атырау облысының "Қоғамдық келісім" КММ ұйымдастыруымен "Қазақстан этностарын рухани танымал ету" тақырыбында семинар-тренинг өтті.


Семинарға Атырау облысы ЭМБ, Аналар кеңесі, «Қоғамдық келісім» кеңесі, "Жаңғыру жолы" ЖҚ көшбасшылары және Батыс Қазақстан облысының "Қоғамдық келісім" КММ директоры Қамбетов Медхат Мұсаұлы, ЭКО жұмыс жөніндегі бастығы Тоболова Инесса Александровна және этносаралық қатынастар саласын талдау және мониторинг бөлімінің бастығы Тәжібаева Әйгерім Аралбайқызы қатысты.

Іс-шараға қатысушыларды интерактивті ойындар арқылы таныстырудан басталды. Одан кейін ҚХА құрылымдық бағыттарының жұмысы туралы айтылды.

Өз кезегінде, «Тхониль» ЭКО, «Былина» ЭКО және «Довира» ЭКО төрағалары жұмыс тәжірибелерімен бөлісіп, азаматтық бірегейлікті нығайтуға және Қазақстан халқының шығармашылық мұрасы мен дәстүрлі мәдениетін насихаттауға бағытталған бірлестіктерінің үздік жобаларын көрсетті.

Кездесу барысында қатысушылар Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмысын жетілдіру бойынша пікір алмасып, өз сұрақтарына жауап алды.

Іс-шара соңында Атырау және Батыс Қазақстан облыстары ҚХА құрылымдық бөлімшелерінің басшылары екі өңірдің тәжірибесі мен тығыз ынтымақтастығын нығайту мақсатында бірлескен іс-шара өткізу қажеттілігі туралы пікірге келді.

Кейін қарай