Қазақстан халқы Ассамблеясы

31 Тамыз, 2022

243

Атырау облысының Достық үйіндегі кездесу

Тамыздың 26-сы күні Атырау облысы әкімінің орынбасары Бисембиев Жасұлан Орақұлы облыстағы этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесті.

Қазақстан халқы Ассамблеясының міндеттерін жұмыла орындау және халық арасында насихаттау жұмыстарын бірлесе жүргізу мақсатында өткен кездесуде бірлестік өкілдері өңіріміздегі этносаралық және конфессияаралық жағдайды жақсартуға бағытталған бірқатар ұсыныс-тілектерін білдіріп, өз сұрақтарына жауап алды.


Кездесу соңында аймақтағы 18 әтномәдени бірлестіктің жұмыс кабинеттерін аралаған Жасұлан Орақұлы татулық пен қоғамдық келісімді нығайтуға қосқан үлесі үшін бірлестік басшыларына алғыс білдірді.


Кейін қарай