Қазақстан халқы Ассамблеясы

31 Наурыз, 2020

1413

Атырау: Әжесі мен немересі бетперде тігіп, ауылдастарына тегін таратуда

Өзінен басқа өзгенінің де қамын ойлаған 63 жасар ана Жібек Мұғауова Махамбет ауданы, Ортақшыл ауылының тұрғыны, зейнеткер. Атырау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының жанынан құрылған Махамбет ауданының Аналар кеңесінің төрайымы.

Төтенше жағдай жарияланғаннан бастап, үйіндегі мата-жіптерін жинап, бетперде тіге бастаған. Алғашқыда отбасы мүшелеріне тіккен ана көшеде сақтанбай жүрген ауылдастарын көріп, оларға да бетперделерді тігіп беруді қолға алған.


Екі күн ішінде 11 жасар немересі Бақнұрмен бірге 50 ге жуық бетперделерді тігіп, көршілеріне таратты. «Осындайда бір-бірімзге жанашырлық танытпағанда қашан танытамыз. Мен тігемін, 4-ші сыныпта оқитын немерем үтіктейді. Үй терезесінен сақтану шараларын қолға алмаған ауылдастырымды көрсем, шақырып алып, қолдарына ұстатып жіберіп жатырмын. Егер көршім ауырмаса, мен де ауырмаймын», - дейді Ж. Шамалиқызы.

Әжей телефон арқылы ауыл клубының басшысына хабарласып, ауылдағы жас еріктілерді жинап, бетперделерді клубта тігіп, тұрғындарға таратуды ұсынған. Алдағы уақытта өзі де маталарға тапсырыс беріп, үйден бет перде тігуді жалғастары беруді жоспарлап отыр.

Осындай ерікті, мейірімді Аналарымыз көп, әрі аман болсын!


Ал Мақат ауданының қыз-келіншектері де үйде отырып, бетперде тігуді қолға алды.

Қашықтықтан қызмет жасау уақытын пайдаланған Мақат ауданындағы «Нұрбөбек» бала-бақша тәрбиешілері ҚХА Аналар кеңесі мүшелерімен бірлесіп, бір күнде 120 дана бетперде тікті. Тігілген бетперделер ауылдың «Асар» ерікті клуб жастарының көмегімен мүмкіндігі шектеулі азаматтар отбасына, көп балалы аналарға және көшеде қызмет жасап жүрген азаматтарға тегін таратылды.

Дәл осы ауданға қарасты Доссор кентінде «Шапағат нұры» мүгедектерді қорғау шеберханасының басшысы, ҚХА «Аналар кеңесінің» белсенді мүшесі, жас кәсіпкер мүмкіндігі шектеулі азаматшалардың көмегімен 100-ге жуық бетперде дайындап, ақысыз таратуды жоспарлап отыр.


Мақат аудандық ҚХА Аналар кеңесінің төрайымы Күлпәш Әділбекқызы бұл игі істің тек бастамасы ғана дейді. Қазіргі уақытта үйінде тігін машинасы бар қыз-келіншектерге де бетперде тігу туралы ұсыныс жасалды. Оларға Аналар кеңесі мүшелері өздерінің қаражатына қажетті құралдарын алып беретін болды.

Кейін қарай