Қазақстан халқы Ассамблеясы

08 Сәуір, 2021

402

Атырауда аналар арасындағы исламдық құндылықтар тақырыбы көтерілді

Атыраудың Орталық мешітінде ҚХА Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен «Қазақстан аналары арасындағы исламдық құндылықтар» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Аталған діни-танымдық іс-шараның өтуіне ұйытқы болған «Татулық» татар және башқұрт этномәдени бірлестігінің Аналар кеңесі мен облыстық ҚХА «Алтын шаңырақ» Аналар кеңесі мүшелері қоғамда қозғалып жүрген ең бір өзекті тақырыптардың бірі – имандылық туралы ой өрбітті.

Сонымен қатар, «Татулық» татар және башқұрт этномәдени бірлестігінің мүшесі Хатима Мұстафина түрлі ұлттардан құралған отбасында да береке-бірлік, ізеттілік берік орныққан болса, үйдің түтіні түзу шығады деді. Ал көп жылдар бойы заңгерлік салада жасөспірімдермен жұмыс жүргізіп, қажырлы еңбек еткен «Татулық» татар және башқұрт этномәдени бірлестігінің мүшесі Райса Колчикова имандылық айнасы отбасыдан бастау алады деп, отбасылық құндылықтарға жеке -жеке тоқталды.

Ал Атырау облыстық «Алтын шаңырақ» Аналар кеңесінің төрайымы Айсұлу Уразбаева өнегелі ана, ибалы келін, ізетті қыз текті ұрпақтан тарайды деп қорытты.

Кейін қарай