Қазақстан халқы Ассамблеясы

17 Ақпан, 2021

425

Атырауда ауған соғысының жауынгерлерін еске алды

15 ақпан – КСРО жауынгерлерінің ауған жерінен шығарылған күні. Осы датаға орай, ҚХА жанындағы «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының белсенділері Атырау қаласындағы «Интернационалист-жауынгерлер» ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімін өткізді.


Ауған соғысы тоғыз жылға созылып, оған 22 мың қазақстандық қатысқаны мәлім. Атырау облысынан 900-ге жуық жауынгер шақыртылып, оның 13-і ерлікпен қаза тауып, бір интернационалист-жауынгер іс-түссіз жоғалып кеткен.

Ауған жерінде ерлік көрсеткен жерлестеріміздің батылдығы мен өжет ерлігін халқымыз мәңгі ұмытпайды!

Кейін қарай