Қазақстан халқы Ассамблеясы

18 Наурыз, 2021

508

Атырауда белсенді жастар Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің үйінде болды

Наурыз мерекесі қарсаңында «Шежіре күні» және «Ардагерлерді ардақтайық» акциясы аясында Атырау облысы ҚХА «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының белсенділері облыстағы Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің шаңырақтарында болды.

Бүгінде Атырау облысында жастары 100-ге таяған үш соғыс ардагері бар. Олар – Көптілеуов Тұраш, Сұлтанов Зәкәрия және Айбаров Айдын.

Соғыс ардагері Көптілеуов Тұраш 18 жасында соғысқа аттанып, Белоруссия майданында соғысқан. Ал Сұлтанов Зәкәрия 31-ші армияның 131-ші атқыштар дивизиясының шаңғы батальоны құрамында, сондай-ақ 3-ші Белоруссия майданының 191-ші атқыштар дивизиясының Немендік атқыштар полкінде Отанды азат ету ұрыстарына қатысқан.

Соғыс ардагерлерінің естеліктерін тыңдаған жастар қозғалысының белсенділері оларға естелік сыйлықтарын тарту етіп, ұзақ ғұмыр тіледі.

Кейін қарай