Қазақстан халқы Ассамблеясы

20 Қазан, 2020

14441

Атырауда «Достық ағаштары» акциясы өтті

Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының "Қоғамдық келісім" КММ "Достық ағаштары" акциясын ұйымдастырды.


Ағаш отырғызуға Қазақстан халқы Ассамблеясының белсенділері, этномәдени бірлестіктердің басшылары, жастар қанатының өкілдері, Қоғамдық келісім кеңесінің, Аналар кеңесінің және медиация кабинетінің мүшелері, сондай-ақ мекеме қызметкерлері белсенді қатысты.


Таза ауада Достық үйінің аумағын көгалдандыру бойынша ұжымдық жұмыс жүргізіліп, 28 ағаш отырғызылды. Әр этномәдени бірлестік "Достық ағаштарына" естелікке лента байлады. Оң көңіл-күйді музыкалық сүйемелдеу және барлық қатысушылардың бірлескен жұмысы қолдады.


Кейін қарай