Қазақстан халқы Ассамблеясы

07 Мамыр, 2019

3718

Атырауда этнос өкілдері қазақ тілінен сайысқа түсті

Атырау облысында мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, тіл мәдениетін көтеру, этнос өкілдерін ынталандыру, үйлесімді тіл саясатын жүргізу мақсатында Достық үйінде «Тіл – парасат» атты облыстық форум өтті. Оның аясында этнос өкілдері арасындағы қазақ тілі білгірлерінің байқауы өтті.

Сайысқа 18-22 жас аралығындағы 5 өкіл қатысып, өзара бақ сынасты. Үш кезеңнен тұрған байқаудың қорытындысы бойынша жүлделі ІІІ орынға Руслан Юн (Атырау қаласы) мен Ирина Чеченова (Махамбет ауданы) ие болса, жүлделі ІІ орынды Наталья Михайлова (Махамбет ауданы) иеленді. Байқау жеңімпазы болып жылыойлық Юлиана Новикова танылды. 

Форум аясында қатысушылар этномәдени бірлестіктердің жұмысымен танысып, олардың жанынан ашылған жексенбілік мектептер туралы мағлұмат алды.

Пленарлық мәжіліс бөлімінде Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы Әсия Қыстаубаева мен «Светоч» славян этномәдени бірлестігінің төрайымы Раиса Биткова сөз сөйлеп, мемлекеттік тіл мәртебесі жөнінде ой қозғаса, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалының аға оқытушысы Гүлжан Нұрсұлтанова «Мемлекеттік тілді оқыту әдістемесі» бойынша шағын тренинг өткізіп, форум қатысушыларына қазақ тілін үйрену жолдарына тоқталып өтті.

Кейін қарай