Қазақстан халқы Ассамблеясы

17 Қараша, 2020

426

Атырауда этнос жастары арасында «Білім-Ринг» интеллектуалды сайысы өтті

«Ақыл - тозбас киім, білім - сарқылмас бұлақ» деп халқымыз бекер айтпаса керек.. Бүгінгідей білім заманында әрбір озық ойлы жас буын өкілі рухани әлеуеті дамыған тұлға болып қалыптасуға ұмтылады.

Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ- сі ұйымдастырған «Білім-Ринг» интеллектуалдық сайысы осыған дәлел.

Сайысқа белсенді қатысқан «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының мүшелері мен волонтерлері ішінара төрт командаға бөлініп, бақ сынасты. "Work and life" орталығының директоры Нұрлан Азаматов жастарға әдебиет, мәдениет, тарих ғылымдары саласы бойынша бірқатар маңызды сауалдар қойды. Қатысушылар сұрақтарға мүдірмей жауап қатып, өздерінің білімдерін ортаға салды.

Қатысушылар мен жеңімпаздар ойын соңында марапаттарға ие болды.


Кейін қарай