Қазақстан халқы Ассамблеясы

13 Қазан, 2021

272

Атырауда этнос жастары «MiTALAS» интеллектуалды сайысына қатысты

ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың қазақ тілінің мәртебесі бойынша жасалған мәлімдемесі аясында Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ қолдауымен Атырау – Қазақстан телеарнасында этнос жастарының қатысуымен «MiTALAS» интеллектуалды сайысы өтті.

Сайыстың мақсаты - көпұлтты Қазақстан Республикасының халықтар достығы еліміздің бірлігінің кепілдігі екендігін таныту, сайысқа қатысушыларға Қазақстан тарихынан, басқа ұлт өкілдерінің мәдениетінен түрлі сұрақтар қоя отырып интеллектуалды танымдарын арттыру.

Төрт кезеңнен тұратын сайыс, «Айкью (IQ) —» таныстыру, Блиц сұрақтар бойынша «Ұшқыр ой», еліміздің тәуелсіздігі жайлы, өзге ұлттардың мәдениеті туралы «Кім білгір» және соңғы кезең «Ойлы болсаң» деп аталды. Сайыс соңында қатысушыларға Қазақстан халқы Ассамблеясы атынан сыйлықтар табысталды.

Кейін қарай