Қазақстан халқы Ассамблеясы

09 Наурыз, 2021

316

Атырауда мүмкіндігі шектеулі жандарға ерекше құрмет көрсетілді

8 наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында және «30 игі іс» қайырымдылық акциясы аясында Атырау облысы ҚХА Аналар кеңесі игілікті іс атқарды.

Қаланың сән салондарында мүмкіндігі шектеулі нәзік жандыларға тегін қызмет көрсетілді. Ақ жаулықты аналарымыз бен аруларға көтеріңкі көңіл күй сыйлаған Аналар кеңесі мен «LUX» сән салонының ұжымы барша әйелдер қауымын мерекемен құттықтап, арнайы сыйлықтарын тарту етті.


Игілікті шара Достық үйінде мерекелік үстелмен жалғасты. Атырау облыстық Іскер әйелдер кеңесінің өкілдері де аяулы аналарымыз бен қыз-келіншектерге өз тарапынан психологиялық семинар-тренингтер өткізіп, қолдау көрсететіндерін жеткізді.

Кейін қарай